05 Ақпан, 2026
19
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
2026 жылғы 4 ақпанда Астана қаласындағы Достық үйі алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің «Жаңа Конституция: заманауи уақыттың қажеттілігі» тақырыбындағы республикалық дөңгелек үстелі өтті. Іс-шара Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның негізгі бағыттарын талқылауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының басты ережелерін түсіндіруге арналды. Қатысушылар Негізгі заңды жаңарту қоғамның әділеттілікке деген сұранысын, құқықтық институттарды нығайту және мемлекет пен қоғам арасындағы заманауи диалогты дамыту талабын айқындайтынын атап өтті.

Іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Назипа Шанай ашты. Ол конституциялық өзгерістерді талқылауға қоғамның кеңінен қатысуының маңызын атап өтіп, Аналар кеңесінің қоғамдық келісім мен әлеуметтік жауапкершілік институты ретіндегі рөліне тоқталды.
Өз сөзінде Назипа Шанай жаңа Конституция жобасында дәстүрлі отбасылық құндылықтарды бекітудің маңыздылығына ерекше назар аударды. Ол жаңа Конституция жобасында неке ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде айқындалғанына тоқталды. Бұл норманы Конституцияда бекіту отбасы институтын нығайтуға, әйелдер құқығын қорғауға және маңызды қоғамдық құндылықтарды қолдауға бағытталған.

«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев конституциялық реформа жөніндегі комиссияның қызметі туралы ақпарат беріп және жаңа Конституция жобасын әзірлеудің негізгі кезеңдерін таныстырды. Ол жастар мен өңірлік активтің ұсынылып отырған өзгерістерді талқылауға белсенді тартудың маңызын атап өтті.
«Әкелер одағы» РҚБ төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбет реформалардың қоғамдық қабылдануы мәселелеріне тоқталып, жаңа Конституция жобасының отбасылық құндылықтарды нығайтуға, тәрбиелік ортаны және қоғамдағы жауапкершілікті арттыруға қандай өзгерістер әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

Мемлекеттік айыптауды қолдау және апелляциялық сатыға қатысу басқармасының басшысы Айжан Аймағанова реформаның құқықтық аспектілерін талдап, жаңартылған конституциялық тәсілдің заңдылықты нығайту мен азаматтардың құқықтарына кепілдіктер берудегі маңызын атап өтті.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, психология кафедрасының меңгерушісі Әлия Мәмбеталина «Жаңа Конституция - мемлекет пен қоғам арасындағы психологиялық келісім» тақырыбында сараптамалық пікірін ұсынып, қоғамда сенімге, жауапкершілікке және әділетті әлеуметтік келісімге деген сұраныстың артқанын атап өтті.
Астана қаласы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Баян Өмірзаққызы жеке тұлғаның құқықтарын қорғау мәселелеріне тоқталып, жаңа Конституция жобасының азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету тетіктерін кеңейтуге бағытталғанын айтты.
Отбасылық-демографиялық саясат саласының сарапшысы, Астана қаласы әкімдігі жанындағы комиссия мүшесі, ІІМ Басқару академиясының докторанты, полиция подполковнигі Гүлмира Шрахметова жаңа Конституция жобасының «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыруға, соның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға ықпалын атап өтті.
Заңгер Сәлима Сұлтанбекова да ұсынылып отырған өзгерістерге кәсіби тұрғыда баға беріп, негізгі реформаларды талқылау кезеңінде халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Дөңгелек үстел қорытындысында ашық пікірталас өтіп, қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді көтерді және ҚХА қоғамдық құрылымдарының конституциялық өзгерістерді одан әрі қоғамдық сүйемелдеуге дайын екендігін растады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада ҚХА Журналистер клубының конституциялық реформаны қолдауға арналған отырысы өтті
-
Астанада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті
-
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ҚХА активімен кездесті
-
Астана қаласындағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктер активімен Конституциялық реформаны талқылауға арналған кездесу өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ҚХА «Шаңырақ» кафедралары қауымдастығымен және ҚХА кафедрасының өкілдерімен кездесті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы Акбаржон Исмаиловпен кездесті
9 Ақпан, 17:40
Астанада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті
5 Ақпан, 17:24
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
9 Ақпан, 18:31
Астанада ҚХА Журналистер клубының конституциялық реформаны қолдауға арналған отырысы өтті
5 Ақпан, 18:45
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ҚХА активімен кездесті
6 Ақпан, 18:55
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Қонаев қаласындағы Достық үйінде Алматы облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы активімен кездесті