04 Мамыр, 2019
3835
Астанада ҚХА бастамасымен 5-7 мамырда велоспорттан жарыс өтеді
5-7 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы «ASTANA» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның «Астана орманы» ЖШС-нің жүлделері үшін тас жолдағы велосипед спортынан республикалық жарыс өтеді. Велосайыс Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Жаңғыру жолы» жастар қанатының бастамасымен ұйымдастырылған.
Қазақстандағы Жастар жылына арналған бұл жарыстың мақсаты велосипед спортын оқушылар мен жастар арасында кеңінен танымал етіп, жас велошабандоздардың шеберлігін арттыру; «Нұр-Сұлтан – есірткісіз қала» бағдарламасын жүзеге асыру және үміт күттіретін спортшыларды айқындап, құрама команда жасақтау болып табылады.
Жарысқа қатысушы 2003–2004 жылдары және 2005–2006 жылдары туған жас жігіттер мен қыздарға Нұр-Сұлтан қаласы, «ASTANA» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның «Астана орманы» ЖШС түрлі жүлделер тағайындап отыр.
Сондай-ақ 2007 жылы туған және жасы одан кіші спортшыларға арналып «Ұмытпаймыз, қадірлейміз, мақтан етеміз!» деген ұранмен тас жолдағы велосипед спортынан Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионаты ұйымдастырылмақ. Велобәйге Екінші дүниежүзілік соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналады.
Жарыс 5 мамыр күні сағат 12.00-де салтанатты түрде ашылады. Оған 100-ден астам спортшы қатысады. Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Юсуп Келигов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қаналимов, Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, велосипед спортынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Талғат Көлбаев қатысады.
Сайыстар жеке жарыс, топтық жарыс, критериум жарысы түрлері бойынша өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 7 мамыр күні анықталып, марапатталады.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
7 Шілде, 21:16
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті