Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Қыркүйек, 2025

Астанада ҚХА Журналистер клубының медиафорумы өтті

Астана қаласында 2025 жылғы 15 қыркүйекте Казмедиа орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистер Клубының ҚХА-ның 30 жылдығына арналған «Заманауи медиакеңістіктегі этножурналистика: үрдістері мен даму бағыттары» атты Медиафорумы өтті.

Медиафорумға отандық мас-медиа өкілдері,өңірілік ҚХА Журналистер клубтарының төрағалары, мүшелері, этникалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшылары, депутаттар, ҚХА мүшелері қатысты.

ҚХА Журналистер клубы - медиа саласы өкілдерін, баспасөз қызметі қызметкерлерін, блогерлерді және тәуелсіз сарапшыларды біріктіретін сараптамалық-коммуникациялық алаң.

Клуб қызметінің мақсаты - этносаралық тақырыптарды сапалы жариялау үшін медиа саласы өкілдерінің күш-жігерін біріктіру, олардың кәсіби құзыреттерін, азаматтық жауапкершіліктерін, құқықтық және медиа сауаттылығын дамыту.

Медиафорумда этносаралық диалог мәдениетін қалыптастыру, толеранттылықты нығайту, сондай-ақ өңірлер арасында тәжірибе алмасу, этномедиа мен ҚХА журналистер клубтары желісін дамыту мәселелері талқыланды.


Кейін қарай