09 Қазан, 2018
3589
Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті VI Съезі аясында Бейбітшілік және келісім музейінің ашылу салтанаты өтеді
10-11 қазанда Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті VI Съезі өтпек. Форумның тақырыбы: «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлем үшін» деп аталады.
Съез жұмысына әлемнің 42 елінің сексенге тарта делегациясы, атап айтқанда абыройлы саясаткерлер, ислам, христиан, иудаизм, буддизм, индуизм, даосизм, зороастризм дінінің көшбасшылары, сонымен қатар БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО секілді халықаралық, діни және қоғамдың ұйымдардың өкілдері қатысады.
VI Съез екі пленарлық сессия мен төрт секциялық отырыстан тұрады. Секциялық отырыстарда «Жаһандық қауіпсіздік тұжырымдамасы ретіндегі «Манифест «Бейбітшілік. XXI ғасыр», «Өзгерістерге ұшыраған геосаясаттағы дін: Адамзаттың үйлесімінің жаңа мүмкіндіктері»», «Дін және жаһандану: сын-тегеуріндер мен жауаптар», «Экстремизм мен терроризмді жеңудегі діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлер» тақырыптары қозғалмақ.
Сонымен бірге, форум аясында Діни көшбасшылар кеңесінің үшінші отырысы өтеді. Съездің ашылатын алғашқы күні жиынға Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич, Әл-Азхардың Жоғарғы имамы шейх Мухаммад Ахмад ат-Тайеба, ЕҚЫҰ Бас хатшысы Томас Гремингер қатысады.
2015 жылы өткен V Съез кезіндегі Мемлекет басшысының бастамаларын іске асыру бағытында Астанада Бейбітшілік және келісім музейінің ашылуы, форумның жұмысы мен діниаарлық диалогқа еңбек сіңіргені үшін Астана халықаралық сыйлығы мен Құрметті медальді табыстау салтанаты өтеді.
Еске сала кетсек, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші Съезі 2003 жылдың 23-24 қыркүйегі аралығында өткен болатын. 15 жылдың ішінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі конфессияралық және дінаралық қарым-қатынас бойынша абыройлы алаңға айналды.
Діннің қоғамдағы рөлінің артып келе жатқанын түйсіне отырып, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін өткізуді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастама етіп көтерген болатын. Мемлекет басшысының пайымы бойынша өзара сенімділік пен түсіністікті ту еткен әлемдік және дәстүрлі діндердің көшбасшылары аталмыш саладағы халықаралық ынтымақтастықтың келешегіне үлкен жол аша отырып, шыдамсыздық, шеттету, зорлық-зомбылық, діни экстремизм мен терроризм секілді қауіптің алдын алады.
Дата события ассамблеи: 09.10.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50