
17 Қазан, 2018
1901
АСТАНАДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ
18 қазанда Астана қаласында «Қазақстандық жол: сұхбаттастықтан рухани келісімге» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Аталмыш шара жыл сайын 18 қазанда әлемнің көптеген елдерінде аталып өтілетін Рухани келісім күніне орайластырылған.
Осы орайда айта кеткен жөн, тура 26 жыл бұрын, 1992 жылы 18 қазанда Алматыда Бірінші Дүниежүзілік Рухани келісім Конгрессі өткізілген. Бұл шара адамзат тарихында алғаш рет барлық дін өкілдерін, рухани қоғамдық ұйымдар, белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлерін бір үстел басына жинады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «мемлекетіміздің тәуелсіздігі қалыптасқаннан-ақ бастау алған бұл айтулы мереке, бүгінде жыл сайын татулық, рухани келісімнің жолдарын іздестіру, адамдар арасында өзара түсіністік орнату, мейірімділік пен өз жақындарына қамқор бола білу күні ретінде атап өтіледі», – деп атап өтті.
Биыл өткізілетін конференцияның тақырыбы: «Қазақстандық жол: сұхбаттастықтан рухани келісімге». Шарада конфессияаралық қатынастар, Қазақстанның конфессияаралық және ұлтаралық тәжірибесінің бірегей моделі, сондай-ақ «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына негізделген Қазақстанның бірлігін нығайту саласындағы өзекті мәселелер талқыланады деп көзделіп отыр.
Конференция жұмысына уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары мен Қазақстан діни бірлестіктерінің өкілдері, ғылыми-сарапшылық қауымдастық және мәдениетаралық және конфессияаралық диалогты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар қатысады.
Асан Қалиахмет
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.
Дата события ассамблеи: 17.10.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті