
25 Маусым, 2018
1449
Астанада «Сабантой-2018» мерекесі тойланды
24 маусымда Астанада «Жаста сарайында «ТАҢ» татар-башқұрт этномәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Сабантой мерекесі өтті.
Аталған мереке Қазақстан халқы Ассамблеясы, Астана қаласының әкімдігі, Ресей Федерациясы Елшілігі, Қазақстан Республикасындағы Татарстан Республикасының өкілетті өкілдігінің, «КАМАЗ» Сауда компаниясы ЖШС мен «Кама-Қазақстан» сауда үйі ЖШС қолдау көрсетуімен өткізілді.
«Сабантой» мерекесі бүтін түркі халқының ең маңызды мерекесі ретінде күнтізбеге ежелден енгізілген.
Бүгінде ол көктем маусымы аяқталуының түпнұсқалық мәнін ғана емес, сонымен қатар, ұлттарды ортақ мақсатқа біріктіріп, діндер бірлігін нығайтуға үндейді.
«Туған жерге деген сүйіспеншілігі зор адамдар үшін «Сабантой» өте қымбат болып саналады. Әрі мамыражай осы сәтте ынтымағы жарасқан өнімді еңбек арқылы еліміздің, отбасымыздың ырысын арттырып, жерлестеріміздің, жақындарымыздың және достарымыздың ыстық ықыласына бөленетін кез. Бұл мерекеде ақсақалдардың даналығына зейін қойып, болашақта жүзеге асырылатын игі жұмыстарымыз туралы ой бөлісеміз», — деді «ТАҢ» татар-башқұрт этномәдени орталығының төрағасы Рафик Валиев.
«Сабантой» мерекесі жауһар мәдени мұра ретінде ЮНЕСКО тізіміне енгізілген.
Мерекеге Қазақстан Республикасындағы татар-башқұрт бірлестігінің өкілдері, Астана қаласындағы этномәдени орталықтар, жастар ұйымдары мен қала қонақтары қатысты.
Мерекелік кештің концерттік бағдарламасы бойынша Татарстанның әртістері өнер көрсетіп, одан бөлек ұлттық «Көрәш» батырлар сайысы ұйымдастырылды.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша assemblykz.2016@gmail.com мекен-жайына хабарласыңыз.
Дата события ассамблеи: 25.06.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы