14 Шілде, 2025
163
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
Астанадағы Достық үйінде Қазақстандағы шешен-ингуш этномәдени бірлестігі – «Вайнах» қауымдастығының белсенді мүшелерімен салтанатты кездесу өтті. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы мен қауымдастықтың 30 жылдық мерейтойына арналды және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Кездесуге аграрлық сектор, құрылыс, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және қызмет көрсету салаларының өкілдері қатысты. Олар өз саласында ғана емес, ҚХА-ның азаматтық бастамаларын жүзеге асыруға да белсенді атсалысып, қоғамдық келісімді нығайтуға елеулі үлес қосып келеді.
Шара барысында медицина саласының ардақты өкілдеріне ерекше құрмет көрсетілді. Көпжылдық кәсіби еңбегі мен адамгершілік ұстанымы үшін профессор, «Астана» медицина университеті физиология кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Күйреш Хамчиев, онколог-дәрігер Фатима Нальгиева және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсетіп жүрген жоғары санатты дәрігер Тамара Бокова алғыс хаттармен марапатталды.

Мәдениет саласында Ханифа Мациеваның жетекшілігіндегі «Вайнах» халық ансамблі қауымдастықтың рухани символы ретінде танылды. Ансамбль этносаралық диалогты дамытуға және қазақстандық мәдениетті халықаралық аренада танытуға зор үлес қосып келеді.
Құрметті қонақтар қатарында дзюдо, каратэ, ММА, еркін күрес және бокс бойынша чемпиондарды тәрбиелеген жаттықтырушылар болды. Жастар тәрбиесіне және ұлттық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Мурад және Беслан Эгиев, Джамбулат Ибрагимов, Рустам Экажев, Руслан Цицкиев, Юнус Кукаев, Руслан Мадиев, Висит Бетаев, Николай Альмурзиев және Нагду Бакижев алғыс хаттармен марапатталды.
Сонымен қатар, кездесуде «Ислам-Бек» қоғамдық қорының құрылғаны жарияланып, 30 спортшыға арнайы сертификаттар табысталды.
Қауымдастық Кәсіпкерлер кеңесіне және мәдени, спорттық, әлеуметтік жобаларды қолдап келе жатқан меценаттарға – Сайфутдин Хамхоев, Микаил Аушев, Аллан Дакаев, Асхат, Бауди Амаев, Магомед Баркинхоев, Аслан Цицкиев, Барис Оздоев, Расул Элимхаджиев, Ибрагим Кукаев, Ахмед Мациев, Асхаб Агаев, Башир Сагов және басқаларға шынайы алғысын білдірді.
Кездесу барысында сөз сөйлеген ардагерлер, кәсіпкерлер, спортшылар мен жастар өкілдері ел бірлігін сақтау, ана тілді меңгеру, еңбекке құрметпен қарау және ата-баба мұрасына адалдық таныту сынды рухани құндылықтардың маңызын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығармашылық ұжымдары қауымдастығының Арт форумы өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойлық жылының қорытындыларына арналған Республикалық форум өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Астанада «Елдесу және татуласу» жобасы аясында ҚХА Республикалық этномедиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
-
АСТАНАДАҒЫ КОРЕЙ МӘДЕНИЕТІ КҮНІ: ДӘСТҮР, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДОСТЫҚ БІРЛІГІ