18 Қыркүйек, 2018
1079
Астанадағы Достық үйінде неміс мәдениетінің күні аталып өтті
Астана қаласының Достық үйінде неміс мәдениетінің күні аталып өтті. Аталмыш іс-шараға елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдау білдірді.
«Берлинская полька» флешмобымен басталған мерекелік шара неміс мәдениетіне арналған көрмемен жалғасты. Қазақстан немістерінің тарихы жөніндегі мағлұматқа толы экспозиция әр жылдары көптеген немістер мемлекеттік наградалармен марапатталғаны, соның ішінде жиырмасы Социалистік Еңбек Ері атағына лайық болып танылғаны туралы сыр шертті.
Іс-шараға келушілер «Қазақстандағы немістер» атауымен ұйымдастырылған көрме арқылы Астана мен Ақмола облысындағы немістер тарихы жайында тың деректермен танысты.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Альберт Рау мен Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ляззат Құсайынова тағылымдық мәні бар кештің маңыздылығына тоқтады.
Неміс мәдениеті күні бағдарламасы бойынша Достық үйіндегі үш залда бір мезетте өткізілген вокалдың, бидің, қолданбалы өнердің және аспаздық істің қыр-сырын меңгеруге арналған шеберлік сабақтары жұртшылықтың қызығушылығын тудырды.
Мерекелік кеш соңы концерттік бағдарламамен аяқталды.
Дата события ассамблеи: 18.09.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады