19 Қараша, 2018
994
Астанада журналистика саласындағы «Шаңырақ» және медиация саласы бойынша «Ең үздік медиатор» байқауларының жеңімпаздары марапатталады
Астанада журналистика саласындағы «Шаңырақ» және медиация саласы бойынша «Ең үздік медиатор» байқауларының жеңімпаздары марапатталады.
20 қарашада Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы журналистика саласындағы «Шаңырақ» және медиация саласы бойынша «Ең үздік медиатор» және «Ең үздік медиация кабинеті» байқауларының қорытындысын шығарып, жеңімпаздарын марапаттайды.
«Шаңырақ байқауы» этносаралық қатынастар саласындағы мәдениаралық диалогты дамытуға ықпал ететін мемлекеттік саясаттың мазмұны мен мәнін ашатын БАҚ материалдары мен бағдарламаларды көпшілікке танытуға бағытталған.
Ағымдағы жылы «Қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік материал»; «Ассамблея қызметінің жаңа бағыттары мен жобалары туралы үздік материал»; «Өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге арналған үздік материал»; «Мемлекеттік тілді насихаттауға арналған үздік материал»; «Әлеуметтік желілердегі қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірлік тақырыбына арналған үздік материал»; «Елордасы Астана туралы үздік материалға арналған арнайы жүлде» номинациялары бойынша 103 журналист 328 жұмыс ұсынды.
Қоғамдық медиаторлар арасындағы байқау қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы медиация институттарын дамытуға көмектесу мақсатында өткізілді.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде «Тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан менің үлесім» – «Мой вклад в развитие независимого Казахстана» тақырыбы бойынша байқауға қатысып ең үздік пост жазған белсенді пайдаланушылар бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталады.
Іс-шара аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясы ЖАҚ Ұлттық филиалы арасында «Дала даусы» жобасын іске асыру аясында ынтымақтастық Меморандумына қол қойылады деп болжануда.
Дата события ассамблеи: 19.11.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
вчера, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52