
14 Сәуір, 2024
355
АСТАНАДАН ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ БИЗНЕСМЕНДЕРІ 25 МЛН.ТЕҢГЕГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
Астанадан Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығының бизнесмендері Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы аясында су тасқынынан зардап шекке өңірлерге гуманитарлық көмек жөнелтті.
Қайырымдылық шара барысында ҚХА төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов республика бойынша штабтың жұмысы үздіксіз 24/7 жұмыс істеп тұрғанын жеткізе отырып, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек қолын созып, өз белсенділіктерін көрсетіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық азаматтарына ризашылығын жеткізді.
ҚХА-ның «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясына Қазақстандағы тәжіктердің республикалық этномәдени орталығының бизнесмендері, оның ішінде «ISMA INVEST»құрылыс компаниясы, «Планета одежда» СО, «Құрғақ жемістер әлемі» ЖШС, «Орех» маркеті және т.б. жемістер сату саласының бизнесмендері атсалысуда.
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – республикалық штаб басшысы Акбаржон Исмаилов:
- Осы сәуір айының басынан бастап су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді, яғни Солтүстік Қазақстан мен Атырау облыстарының аудандары мен ауылдарын өз көзіммен көріп, халықпен кездесіп, сондағы штабтың жұмысын жүйелеген болатынбыз. Онда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» атты акциясы аясында өңірлерден келген гуманитарлық көмектерді үйлестіріп ғана қоймай, тұрғындарға қосымша нақты қандай заттар қажет екенін білдік. Бүгін міне тәжіктердің республикалық этномәдени орталығының бизнесмендері штабқа жиналып су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге жалпы соммасы 25 млн. теңгеге азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, гигиеналық және бірінші кезектегі қажетті заттармен 35 тоннадан астам 7 жүк көлігімен гуманитарлық көмекті өңірлерге жіберудеміз. Бұл дегеніміз еліміздің бірлігі мен бір біріне деген мейірімділігін көрсетіп отыр, - А. Исмаилов.
Айта кетейік, республика бойынша 11,3 мыңнан астам ҚХА еріктілері жұмылдырылған. Облыстық ҚХА өкілдері 385 тонна азық-түлік пен ең қажетті тауарларды жөнелтті. Сондай-ақ 48 жүк көлігімен (орта және ауыр жүк көлігі және т.б.) гуманитарлық көмек жөнелтілді, 28 бірлік арнайы техника (экскаватор, камаз, самосвал және т.б.) әкелінді. 399,6 млн теңгеден астам сомаға қайырымдылық және гуманитарлық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету үшін аймақтарда гуманитарлық көмектер белсенді түрде жиналуда.
Ұқсас жаңалықтар
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті