07 Ақпан, 2019
1782
Астаналық кәсіпкер тұрмыстық деңгейі төмен жас жанұяға көмек берді
Астаналық кәсіпкер Хасан Шарипов тұрмыстық деңгейі төмен жас жанұяға көмек берді.
Астаналық кәсіпкер Хасан Шарипов тұрмыстық деңгейі төмен жас жанұяға көмек берді.
Астана қаласының «Өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Хасан Халматұлы Көктал ауданындағы жертөлелердің бірін басына пана етіп отырған үш балалы отбасының ұсқынсыз тұрмыстық жағдайын көріп, өз қамқорлығына алуға бел буды. Жанұяның отағасы Әділхан жүргізуші болып жұмыс істейді, жүз мың көлемінде алатын айлық жалақысы қолына уақытылы тимейтін көрінеді. Ал жұбайы Махаббат дәмханалардың бірінде еден жуушы болып елу мың теңге нәпақа тауып жүрген.
Жиырма бес шаршы метр жертөлені жалдап отырғаны үшін айына қырық мың теңге төлейтін екі жанның мойнында несиесі бар, қалғаны балаларының тамағы мен киіміне, одан қала берсе, қатты отын алуға жұмсалады.
Он жастағы үлкен балалары ата-анасы үйде болмаған кезде сегіз және төрт жасар бауырларына бас-көз болып қалады әрі пешке де қарайласады екен. Бұл өміріне қауіпті екені айтпаса да түсінікті.
Шағын қонақүйден бір бөлмесін босатып берген кәсіпкер жас отбасы ештеңеден тарлық көрмеуі үшін қажетті жиһаздарды қойғызып, құрал-жабдықпен қамтамасыз еткен.
«Қанша уақыт тұрса да өз қалаулары, бөлмелері тегін берілді. Онымен қатар коммуналдық төлемдері де менің мойнымда. Күнделікті тамақтарын тегін ішетіндей жағдай жасап отырмын. Оларға ақшаларыңды балаларыңа жұмсаңдар, келешекте үй алуға өзім көмегімді беремін деп айтып отырмын, – деді Хасан Шарипов. – Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп отырады. Біз оны қайырымдылық жасап қайтаруымыз керек. Әрбір азамат қолынан келгенше осындай жанұяларға қамқор болса, елімізде келеңсіз жағдайлар орын алмайтын болады. Әлеуеті бар азаматтарды қайырымдылық жасауға шақырамын».
Нан таситын жүк көлігіне жүргізуші етіп алған Әділханға айына жүз елу мың теңге көлемінде айлық жалақы төлеймін деп отырған кәсіпкер жұбайын наубайханаға жұмысқа алмақшы. Сонымен қатар, жанұя тұрмысының жұпыны көрінісі жанын ауыртқан ол балалардың киім-кешегін жаңартуға қомақты қаржы берген.
Бұл қамқорлық жомарттың жүрегі жұмсақ болатынына тағы бір дәлел.
Нұргүл ШАТЕКОВА
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.
Дата события ассамблеи: 07.02.2019
Ұқсас жаңалықтар
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
15 Тамыз, 17:43
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
15 Тамыз, 18:34
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
вчера, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
вчера, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
вчера, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті