Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Қыркүйек, 2018

1328

АСТАНАНЫ АБАТТАНДЫРУ — ӘРБІР АСТАНАЛЫҚТЫҢ ПАРЫЗЫ

В рамках совместной экологической акции «Гүлдене бер, Астана» Ассамблеи народа Казахстана и акиматов Есильского и Алматинского районов города, посвященной 20-летию столицы, прошло мероприятие.

 

 

Астананың 20 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы мен қаланың Есіл және Алматы аудандары әкімдіктерінің «Гүлдене бер, Астана» экологиялық акциясы аясында іс-шара өтті.

Акция Маңғыстау облысының Астана мерейтойына сыйлаған Достық үйінің аумағында және EXPO-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында ашылған EXPO-саябағындағы ҚХА-ның Бейбітшілік және келісім аллеясында өтті.

Іс–шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары — ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенко, Астана қаласының ҚХА, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, Ассамблеяның ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, қалалық этномәдени бірлестіктердің, РММ мен «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері қатысты.

Акция іс-шарасынан «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өкілдері, «Жасыл ел» жастар ұйымы, Қазақстан студенттер Альянсы, Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ, ҚАЗГЗУ университетінің, Қазақстан технология және бизнес университеті колледжінің және «АСУ» гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері де шет қалмады.

ҚХА басшысының орынбасары атап өткендей, алда үлкен жоспарлар бар. Достық Үйінде республика қонақтарының қатысуымен түрлі іс-шаралар өткізіледі. Ол қараша айында ҚР Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Ассамблеяның ғылыми-сараптамалық кеңесі өтетінін айтты.

«Акция — елорданың мерейтойына біздің қосқан үлесіміз. Достық үйі елімізді мекендейтін барлық этностар үшін әдемі, жайлы, жасыл үй болады. Жасыл — бұл бейбітшілік пен жақсылықтың түсі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту бағдарламасы қабылданды, оған Қазақстандағы бірлік пен келісімді нығайтуда астаналық ҚХА-ны дамыту үшін кең өріс ашатын көптеген түрлі іс-шаралар кіреді. Бұл күзгі көшет отырғызу. Көктемде Қостанай облысынан (терек) әкелінген 450 ағаш отырғызылатын болады. Осы бағдарламаны орындай отырып, Астана қаласының Ассамблеясы өзге өңірлердің ҚХА үшін үлгі болуы тиіс», — деді Л. Прокопенко.

Өз кезегінде «Астана-Зеленстрой» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Бибігүл Бектемісова қала бойынша сенбіліктер ағымдағы жылдың 10 қыркүйегі мен 10 қазан аралығында жарияланғанын хабарлады. Ұйым 350 қарағай, шырша, қайың және пирамидалық терек көшеттерін ұсынды, оның 300 данасы аллеяға отырғызылды. Б. Бектемісованың айтуынша, олар жылыжайдан әкелінген.

«Бүгін Ассамблеямен жұмыс істеп жатырмыз. Әрбір қатысушы Астананы көгалдандыруға өз үлесін қосуда. Біздің тәлімбақта 340 гектарда 600 мыңға жуық көшет қала үшін дайындалады», — деп хабарлады «Астана-Зеленстрой» басшысының орынбасары.

Сонымен қатар, ол ағаштар сырттан сатып алмайтынын, жылыжайда өсірілетінін түсіндірді. Жалпы айтқанда, компания сәуір айынан қазан айына дейін тек қана ағаш отырғызу ғана емес, сонымен қатар көгал мен гүлзарлар отырғызу жұмыстарын жүргізеді. Жыл сайын өрнектер мен гүл түрлері өзгереді. Елордада жылына 25 мың ағаш отырғызылады.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Юрий Тимощенко бұл акцияны қаланы көгалдандыру, экологияны жақсарту, ауаны тазарту және адамдарды еңбекке үйрету жөніндегі біріктіретін тамаша іс-шара деп атады.

Шын мәнінде, акцияның барлық қатысушылары ынтамен жұмыс істеді. Одан кейін жастар «Қара жорға» биімен дәстүрлі түрде ашылған түрлі халықтардың музыкасына арналған флешмоб өткізді.

«Біздің Астана бұдан да жасыл және жайлы болады. Біз— біртұтас халықпыз. Жарқын болашаққа жол бастау біздің міндетте, ол үшін бізге барлық жолдар ашық», — деді ҚХА хатшылығының меңгерушісі.

Сенбілік экологиялық мерекенің соңында ЭКСПО-саябақ аумағында акцияның барлық қатысушылары үшін өзбек ұлттық палау, түрлі тағам мен самауырыннан құйылған қазақша шай ұсынылды.

Сенбілік экологиялық мерекенің соңында ЭКСПО-саябақ аумағында акцияның барлық қатысушылары үшін өзбек ұлттық палау, түрлі тағам мен самауырыннан құйылған қазақша шай ұсынылды.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Дата события ассамблеи: 29.09.2018

Кейін қарай