21 Желтоқсан, 2015
2634
Астраханьдағы «Жолдастық» Қазақ мәдениеті аймақтық ұйымы өкілінің Атырау облысына келуі
2015 жылдың 21 желтоқсаны күні Астраханьдағы Қазақ мәдениетінің «Жолдастық» аймақтық қоғамдық ұйымы төрағасының орынбасары Рахмет Серікбайұлы Башбаев Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығымен, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен, Жастар мәселелері басқармасы, мұрағат және құжаттама мәдениет басқармасы және облыстағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл іс-шаралар облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы Мұқан бекіткен бағдарламаға сәйкес жүзеге асты.

Шекаралас өңірден келген қонақ «Қоғамдық келісім» (Достық үйі) мекемесінің басшысы Ғаділбек Айдынұлы Оразовпен сұхбаттасып, сондай-ақ 17 этномәдени бірлестік орналасқан ғимаратта экскурсия ұйымдастырылды. Таныстырылым барысында Рахмет Башбаев Астрахань қаласында Достық үйі ғимаратының салынуы – бұлардың ұйымының бір мақсаты екенін айта кетті.
Рахмет Башбаев өз сөзінде «Жолдастық» аймақтық қоғамдық ұйымының 1990 жылы құрылғандығын, қазіргі таңда 32 мектепте қандастарымыздың қазақ тілін үйренетінін және қазақ тілі курстарының кеңінен таралғандығын айтты. Сонымен қатар, 1-3 сынып оқушыларына арналған «Қазақ тілі» кітабы жарық көргенін, Астрахань қаласында қазақ және орыс тілдерінде «Ақ арна» газеті шығарылып, өнерлі қазақ жастары ұжымына, мәдениет және театр өкілдеріне кеңінен таратылатынын қуана атап көрсетті.
22 желтоқсан күні бағдарламаға сәйкес Рахмет Серікбайұлы облыстағы туристік компаниялармен кездесіп, әңгімелесті.
«Жолдастық» аймақтық ұйымы өкілдері осы уақыт арасында қыруар жұмыс атқарып, қазақ елінің тарихын, қазақ тілін ұрпаққа насихаттау барысында үлкен жұмыстар атқарып келеді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ