06 Маусым, 2016
3711
Асық атудан оқушылар арасында жарыс өтті
Көкшетауда 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ақмола облысы бойынша «Алтын сақ»а жобасының авторы Мейрамбек Қиықовтың ұйымдастыруымен ұлттық спорттық асық ойындарының «Асық ату», «Үш табан», «Хан талапай», «Бес асық» ойыны түрлерінен оқушылар арасында VI қалалық жарыс өтті. Аталмыш жарысқа Көкшетау қаласы мен Красный яр ауылынан 8 мектептің оқушылары қатысты.
Жарыстың ашылу салтанатында Ақмола облыстық «Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов қатысушыларды құттықтап, ойындарына сәттілік тіледі. «Асық ату - қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Бүгінгі өткізіліп отырған іс-шараның негізгі мақсаты балаларды салауатты өмір салтын ұстануға насихаттау, ұлттық сана қалыптастыру болып табылады. Асықты әр қазақтың баласы ойнай білуі керек. Негізгі мақсат, міне, осы»,-деп командаларға сәттілік тіледі.
«Ханталапай» ойыны бойынша 1 және 2-ші орынды Красный Яр орта мектебінен ағайынды Бөленбай Нұрсәуле мен Нұрдәурен иеленсе, 3 орынға № 3 орта мектеп оқушысы Амангелдинова Жұлдызай ие болды.
«Бес асық» ойыны бойынша №21 орта мектеп оқушылары алға шығып, Таласова Лунара І орын, Ерханова Аружан ІІ орынға және Орынтай Сандуғаш ІІІ орынға ие болды.
«Үш табан» ойыны бойынша I орынды Амангелдинов Асылан, 2-ші орынды Қуаныш Қуаныш, 3-ші орынды Красный яр орта мектебінің оқушысы Сайлауов Темірлан алды.
«Асық ату» ойыны бойынша 1-ші орынға №21 орта мектептен Мейрамбек Тұрсынбек көтерілсе, 2 және 3 орынды Красный Яр орта мектебінің оқушылары Қайыржан Әлішер мен Файзолла Жандос иеленді.
Жеңімпаздарды Ақмола облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесі жетекшісінің орынбасары Манат Исмағұлов диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
«Қоғамдық келісім»
мекемесінің баспасөз орталығы
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті