30 Қараша, 2016
1707
АСЫҚ АТУДАН ЖАРЫС ӨТТІ
29 қараша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында, Ақтау қаласының №15 орта мектебінде «Асық» атудан жарыс өтті.
Мектеп оқушыларының арасында өткен жарысқа ұлттық ойынды меңгерген 25 бала қатысты.
Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған жарысқа 4 мектептен бес оқушыдан қатысты. Олар 1 метр қашықтықтан көздеп ату бойынша бақ сынасты. Қала балаларының арасында ұлттық ойынға әуестері бар. Сақаларын сайлап келгендердің арасынан мергендері анықталды. Жүлделі орынды өзара бөлісті. Ұйымдастырушылар осылай мектеп оқушылары арасында асық ойынына қызығушылықты арттыруды көздейді. Дәлдік пен қырағылықты талап ететін ойын тартысты өтті.
«Біз кішкентай күнімізде аулада достарымызбен жиналып асық ойнайтынбыз. Асық жинап, оны бояудың өзі қызық. Бірақ, кейін ол ұмытыла бастады. Мектепаралық асық ату жарысы болады дегенде қуана қатыстым. Жалпы мұндай ұлттық ойындар жиі ұйымдатырылып тұрса...», - дейді қатысушылардың бірі Тимур Гасанов.
Жарыс соңында жеңімпаз командалар анықталып, дипломмен марапатталды. Басқа қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
«Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің меңгерушісі – Аянгүл Жұмаш: «Іс-шара «25 жұлдызды күн» акциясының аясында өтті. Мақсатымыз жастар арасында ұлттық спортты насихаттау болып табылады».
Маңғыстау облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшысы
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығармашылық ұжымдары қауымдастығының Арт форумы өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойлық жылының қорытындыларына арналған Республикалық форум өтті
-
Қарағандыда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» облыстық форумы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» Республикалық форумы өтті
-
Баку қаласында АӨСШК-ның Жастар кеңесінің 8-отырысы өтті