12 Ақпан, 2020
1729
Қасым-Жомарт Тоқаев: Отанға деген махаббат – құр ұран мен бос декларация емес
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілік – халқымыздың шынайы болмысы, салт-дәстүрі екенін айта келе, бұл дәстүрді міндетті түрде сақтап қалуымыз керектігін атап өтті.
«Волонтерлер қозғалысы азаматтық қоғамды одан ары дамытуға мүмкіндік береді. Волонтерлік дегеніміз – бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып әрекет ету. Еріктілік – халқымыздың шынайы болмысы, салт-дәстүрі. Сондықтан, бәріміз міндетті түрде бұл дәстүрді сақтап қалуымыз керек. Бұл бастама – ұлтты ұйыстырып, мемлекетті нығайту үшін қажет», - деді Мемлекет басшысы елордадағы «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесінің ашылу салтанатында.
Президент осы ретте ұлы Абайдың «Қарекет қыл, пайдасы көпке тисін» деген ұлағатын естен шығармау керектігін айтып өтті.
«Сондықтан біз волонтерлікті кеңінен дәріптеуіміз керек. Береке-бірлігімізді арттыратын шараларға тұтас ұлт болып, атсалысуымыз қажет. Осында отырған волонтерлердің барлығы – сіздер еліміздің патриотысыздар. Отанға деген махаббат – құр ұран мен бос декларация емес, бұл –халық үшін атқарылатын күн сайынғы еңбегіміз. Бұл – жанның жай-күйі, ауқымды білім мен өзін ұстаудың үлгілі мәдениеті. Мен сіздерді осы үшін қатты құрметтеймін», - деді ол.
Айта кетсек, елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордада ЭКСПО көрмесінің «Art Hub» павильонында орналасқан волонтерлердің «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесінің ашылу салтанатына қатысуда.
Волонтер жылы аясында фронт-кеңсенің ашылуы барысында «QQQAZVOLUNTEER.KZ» онлайн-платформасының қызметі және волонтерліктің «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Saulyq» атты 7 салалық бағыт бойынша алаңдары таныстырылады. Фронт-кеңсе бүкіл Қазақстанның волонтерлері үшін кеңес беру, әдістемелік, оқыту және ақпараттық орталыққа айналатын болады.
Сондай-ақ, ол волонтерлік жобалар мен оқыту бағдарламаларын үйлестіру, мониторинг жасау, волонтерлікті ілгерілету бойынша бірыңғай ақпараттық саясатты жүргізеді және бірыңғай Call-орталықтың жұмысын ұйымдастырады.
Ұқсас жаңалықтар
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23