Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Мамыр, 2017

1357

Ата-бабалар өнерін өркендету

Тарихи өткенді бүгінгі күнмен байланыстыра отыра, біз үйлесімді болашағымызды құрамыз. Бүгінгі таңда патриотизм жай ғана өнегелі құндылық пен қоғамның жоғары моральдық рухының көрсеткіші ретінде емес, өз жерінің тарихи естелігін, мәдени мұрасын және халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бірге байланыстыратын  мықты іргетас ретінде қаралады. Бірге біріге отыра, халықтың мәдени ерекшелігі қоғамның тиімді дамуын қамтамасыз етуге қабілетті мықты түрлендіргіш  және жасампаз күшке айналады.  

Халықтық-қолданбалы өнерді ұлттық мәдениетті құрайтын маңызды мәннің бірі деп есептеуге болады. Ол өз жасаушысының шығармашылық әлеуетінің байлығы мен сан қырлылығын жақсы сипаттайды және музыкамен, әнмен, ауызша поэтикалық шығармашылықпен байланысты болып келеді.

Халық өнерінің бұйымдары жай күндер мен мерекелерді толықтыра отыра, отбасының тұрмысын әсемдікке кенелтті. Қазақстанның бай және алуан түрлі табиғаты қазақ қолданбалы өнерінің түрлі түсті және мағыналы бейнесін қалыптастыруға және дамытуға әсерін тигізді. Дайындалатын барлық заттардың ауқымын қамтып, технологиялық үдерістің күрделілігін ескере отыра, шеберлердің еңбекқорлығына, жоғары шеберлік деңгейіне және күнделікті материалдардан өз қолымен халық дәулетінің озық  жауһарларын жасауға дем беретін көркемдік тұрғыдан сезіну қабілетіне сүйсінбеу мүмкін емес.   

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында Мемлекет басшысы ұсынған «Туған жер»  бағдарламасының «Рухани қазына» мақсаттарын, сондай-ақ «Мәңгілік ел»жалпы ұлттық патриотттық актісін іске асыру аясында Петропавл қаласындағы М. Қозыбаев ат.  СҚМУ «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасы  «Халықтық  сәндік-қолданбалы өнер: қолөнерді өркендету және әлеуметтік бейімдеу» өңірлік ғылыми-әдістемелік семинарын өткізді.    

Семинар жұмысына М. Қозыбаев ат.  СҚМУ оқытушылары, маркетинг бойынша мамандар, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, мұражайлар қызметкерлері, мектептер мұғалімдері және сәндік-қолданбалы өнер шеберлері қатысты. 

«Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Людмила Гривеннаяның ойынша, сәндік-қолданбалы өнер – бұл ұлттық кодты сақтаудың нысаны. Оның айтуынша, өнер мәңгі болу қажет және біздің парызымыз – ата-баба қалдырған өнерді сақтау, себебі өнерде көне дәуірлердің мән-мағынасы жасырынған. Студент Ирина Приймак Омбыда білім алады, отанында туған жер туралы жазған өлеңдерімен әйгілі. Ол бүгін Сібір қазақ мәдениеті орталығындағы қолөнердің дамуы жайында айтып өтті.

Көне қазақ оюында терең мағына жатыр, бүгінгі таңда заманауи дизайнерлер оны өз бұйымдарында қолданады. «Модница» ательесінің директоры Самигулина Наиля Салиховна өз жұмысы жайында баяндап, киім үлгілерін көрсетті. «Народные умельцы Северо –Казахстанской области» презентациясымен «Түрік мәдениеті» ҚБ төрағасының орынбасары Диляра Гибидулловна сөз сөйледі. Ол облысымыздағы біртуар шығармашылық қайраткерлерін, қолөнершілерді, суретшілер мен тарихшыларды атады. Сонымен бірге семинарға қатысушылар ағашты оюдың ерекшеліктері, бала бойында шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ дарынды балаларға өнер негіздерін оқыту барысында қолөнер ісінің халықтық дәстүрлерін өркендету жайында көп білді.

Қайың қабығынан жасалған бұйымдар, табылған қазақ халқының ескі заттары, киізден жасалған бұйымдар, туған өлке туралы суреттер, сонымен бірге ұлттық костюмдер өздерінің ерекшеліктерімен және көркемділігімен көрмені ажарлай түсті.

Теориялық бөлімнен кейін семинарға қатысушылар киізден бұйымдар жасауды үйренді. Қазақстан Республикасы суретшілер қауымдастығының мүшесі Имашбаева Вера Ивановна шеберлік сыныбын берді. Халық шығармашылығына тарту  – адам бойында шығармашылық қабілеттерді дамытудың негізі.

Киіз басу өнері – белгілі бір дағдыларды талап ететін ұзақ іс. Көне дәуірде жүннен киім-кешек, тұрмыстық заттар жасаған және жүн шикізаттың негізгі элементі болған. Бүгінгі таңда киіз басу өнері кең таралған, одан киім-кешек және үйді безендіретін сәнді заттар, сонымен бірге көркем суреттер де жасайды. Қатысушылар қызығушылық тудырды, көбі түрлі түсті жүнді алғаш рет ұстап тұр. Нәтижесі бәрін таң қалдырды, бір-екі минут ішінде қолдарында киізден әсем гүлдер пайда болды. 

Семинар соңында барлығы қатысқандары үшін сертификаттар алды және көрермендер алдында өнер колледжінің студенттері қобызда қазақ халқының күйлерін орындады. Әрқайсысымыз ортақ байлығымызды сақтауға және өркендетуге жауаптымыз және мың жылдар бойы қолдан-қолға жеткізілген мұраны өзара бірлескен күш-жігердің арқасында ғана жандандыруға болады. Уақыт сынынан өткен өмірдегі сана-сезім Жаратушы берген ең жақсы қасиеттерді құраған. 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ҚММ

 «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай