Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Наурыз, 2017

761

Атырау қаласында Пурим мерекесі тойланды

12 наурыз күні Достық үйінің концерт залында облыстық «Алия» еврей этномәдени бірлестігі Пурим атты қызықты әрі көңілді мерекені ұйымдастырды. Бұл мерекеге қала тұрғындары мен қала қонақтары шақырылды.

Пурим мерекесімен байланысты көптеген қызықты салт-дәстүрлер бар. Сахнада «пуримшпиль» деп аталатын қойылымдар көрсетілді.

Өз сөзінде «Алия» еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы Ткач Павел Петрович барлық қонақтарды мерекемен құттықтап, денсаулық пен бейбіт өмір тіледі.

Мерекенің өз тарихы да бар. Ол Парсы хандығындағы Ахашверош атты патша кезінде еврейлердің өлімнен аман қалған кезінен бастап тойланып келеді. Дәстүр бойынша мереке барысында кең дастархан жайылып, оған мерекелік тағамдар қойылады. Сондай-ақ, бұл күні «мишлоах манот» атты дәстүр жасалады. Оның аудармасы – бір-біріне тағамдар жіберу. Адамдар бір-біріне тағамдар ұсынады. Әйелдер сыйлықтарды әйелдерге, ал еркектер еркектерге жолдайды.

Содан бері 2400 жыл бойы еврей халқы өздерін жойылудан сақтап қалған оқиғаны «Пурим» мерекесі ретінде атап өтеді. Екі жарым ғасырға жуық тарихы бар бұл мерекені еврей халқы карнавал шеруі, театрландырылған қойылымдар түрінде өткізе отырып, кең көлемде қызықты атап өтуде. Сондай-ақ Достық үйінде де ұйымдастырушылар мен қонақтар байқауларға белсене қатысып, ән-билер орындап, мереке қызығын арттыра түсті.

Мереке барысында Ахашверош патшасы мерекеге қатысқан жүздері бал-бұл жанған кішкентай балғындарға әдеттегідей тәтті сыйлықтар таратты.

Кейін қарай