Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Қараша, 2016

887

Атырау қаласындағы «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы» республикалық акциясы аясындағы іс-шаралар

2016 жылғы 23 қараша күні, сағат 10.00-да «Атырау» қонақ үйінің   конференц-залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Тұңғыш Президент күніне   арналған  «Қазақстан Республикасының қалыптасуындағы президенттік институттың рөлі мен маңызы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік  конференция өтті.

Ұйымдастырушылар: Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы.

Мақсаты: Еліміздің қалыптасуындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің ерекше тарихи рөлін көрсету және қазақстандықтардың Отанына деген патриоттық сезімін дамыту.

Конференцияға ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы» республикалық акциясының қатысушылары; ҚХА Кеңесінің, Ғылыми-сарапшылық тобының жіне Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері; этномәдени бірлестіктер өкілдері; қоғам қайраткерлері; ғалымдар; Ассамблея институты мен кафедраларының  меңгерушілері мен студенттер, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, «Жас Отан» жастар қанаты қатысты.

Атырау мұнай және газ университетінің ректоры, КХА ғылыми-сарапшылық тобының жетекшісі Әли Әжімұлы Әбішев конференцияның  модераторы болды.  Атырау облысы ҚХА төрағасының орынбасары - Хатшылық басшысы Гүлмира Мүслимқызы Шакирова кіріспе сөз сөйледі.    

Іс-шара барысында түрлі тақырыптар қозғалып, баяндамалар оқылды. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің идеясы туралы ғылым академиясының мүшесі, Астана қаласының қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, философия ғылымдарының докторы, профессор Қазбек  Казкенов айтып берді. «Мәңгілік ел» патриоттық актісі туралы өзінің философиялық-тарихи ойларымен бөлісіп, дәлел ретінде түрлі теорияларды  келтірді. «Елбасымызға шексіз алғысымызды білдіреміз, себебі қолымыздағы «Қазақстан – 2030» және «2050» даму стратегиялары – бұл Н.Назарбаевтың болашақты болжай алуын дәлелдейді», - деді Қазбек Малыбайұлы.  

«Мәңгілік Ел» идеясын алға бастырудағы этномәдени бірлестіктердің және жастардың рөлі туралы «Таврос» армян этномәдени бірлестігінің мүшесі Гретта Арутюнян  және «Тхоньил» кәріс этномәдени бірлестігі жастар қанатының белсеңді мүшесі Вероника Ким тоқталды. Кейін, «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бақберген Қасымұлы Қарабаев Елбасының  сарабдал және салиқалы саясаты туралы өй өрбітті.

Іс-шара соңында профессор Қазбек  Казкенов баяндамашыларға Достық үйіне Қазақстан халқы Ассамблеясы және оның құрылымдары жайлы кітаптарды сыйға тартты.

Конференциядан кейін «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы» делегаттары облыстық ҚХА мүшелерімен бірге Атырау қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебіне» «Менің жетістіктерім - Тәуелсіз жетістіктері» атты жастар акциясына қатысты.

Пойыз құрамының бір бөлігі кеңес қызметін жүзеге асырып жатқанда, ақпараттық-насихаттық пойыздың екінші бөлігі акцияның негізгі тақырыптарын ашу үшін бірқатар іс-шаралар өткізді. Олардың қатарында С.Мұқашев атындағы политехникалық колледжінің, Д. Нұрпейсова атындағы музыкалық академияның студенттеріне: «Орта білім беру жүйесін жаңарту және кәсіптік-техникалық білім берудегі басым бағыттар» атты дәрістер оқылды.

Түстен кейін  Достық үйіндегі медиация кабинетінде медиаторлармен кездесу өткізіліп, жергілікті халықты қабылдап, өзекті мәселелерін шешу үшін кеңес берді. Сондай-ақ, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы» штабының басшысы Әміржан Қайырұлы Әлпейісов; ҚХА мүшесі, Астана қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі, ф.ғ.д., профессор Қазбек Майлыбайұлы Қазкенов және ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің ғылыми-сараптамалық сүйелмелдеу және әдістемелік қамтамасыз ету қызметінің жетекшісі Дәурен Ермекұлы Базаров жергілікті тұрғындарды қабылдап, оларға  кеңес қызметтеріе көрсетті. Барлығы  түрлі мәселелер бойынша 19   азаматты қабылдады.

«Тәуелсіз Қазақстан» поезының шеңберінде  этносаралық жағдайды   зерттеу мақсатында   әлеуметтік сауалнама жүргізіліп, қорытындылары Президент әкімшілігіне жолданды.

Атырау облысы әкімі аппарытың

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Кейін қарай