
29 Қаңтар, 2019
2391
Атырау мен Көкшетауда этномәдени орталықтар мұқтаж жандарға қол ұшын беруде
Атырау қаласында «Сарқыт» қайырымдылық акциясы аясында «Довира» украин этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен белгілі тұрағы жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығында «Мелодия души» қайырымдылық концерті ұйымдастырылды. Ал облыс орталығының сауда-мәдени орталықтарының бірінде ДЦП ауруына шалдыққан кішкентай бүлдіршін Эльнар Соколовқа қаржылық қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылып өткізілді.
Қайырымдылық іс-шаралар барысында кішкентай бүлдіршіндер, Атырау қаласының жастары мен тұрғындары қолдауға мұқтаж жандарға жақсылық нұрын шашып, бар қолдауларын көрсетіп, көмек қолын созды.
Сондай-ақ, балаларға, үлкендерге жылулық, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған «Хуторянка» шығармашылық ұжымы қазақ, орыс, украин тілдерінде ән шырқады, ал «Тропикана», «Фламинго» би студиясы, «Фантазия» вокалдық студиясының бишілері мен әншілері шараға қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ал Көкшетау қаласында «Қайырымдылық керуені» аясындағы «Сарқыт» қайырымдылық акциясын облыстық маслихат депутаты, «Той Дастархан» ЖШС директоры Елена Мащинская басшылық ететін қалалық «Чуваш этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі жалғастырды.
Орталық өкілдері ішінде азық-түлік жиынтығы, етті бәліштер және чуваш этномәдени бірлестігінің эмблемасы бар - «Сарқыт» сыйлығымен 15 отбасын аралап шықты.
Аралаған адамдардың арасында жалғызілікті қариялар, мүгедектер, қолдау мен көмекке мұқтаж егде жастағылар, өмір жолдары жанды тебірентетін және қызықты қала мен ақмола өңірінің дамуына айрықша үлес қосқан жандар бар.
Мысалға, Башқұрт жерінде дүниеге келген, ұлты чуваш, қазақ тілін жетік меңгерген, көп жылдан бері Көкшетау қаласында тұратын 90 жастағы Анна Бектасованың (Спиридонованың) тағдыры қызықты. Өзінің жұбайы, ұлты қазақ, Тасыбай Бектасовтың, одан кейін сүйікті ұлы Төлегеннің дүниеден өткендерін бастан кешкен қайратты әйел адам бойындағы жігерін жоғалтпай бүгіндері өзінің қыздары мен немерелеріне ақыл-кеңесімен көмектесуде.
Келесі кезекте шара қатысушылары «Сарқыт» сыйлығымен, тың игеруші, өнертапқыш, еңбек ардагері, тыл еңбеккері Осип Троицкийдің үйінде болды.
84 жастағы Осип Семенович – өнертапқыш-ғалымдар арасында жақсы танымал тұлға. Оның жаздық бидай өсіруге арналған ойлап тапқан құрылғысы туралы сол жылдары облыстық газеті жазып, өнертапқыш бидай өсіруде өзі жасаған жаңа әрі ақылды технологияны пайдалану керектігі туралы айтқаны бар.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады