17 Ақпан, 2020
1244
Атырау: Қоғамдық кеңестердің қызметі туралы заң жобасы талқыланды
Атырау облысы Қазақсан халқы ассамблеясының Қоғамдық кеңес мүшелері мен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы өкілдерінің қатысуымен Бірыңғай күн өтті.
Қоғамдық кеңес мүшелері «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.
Атырау облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Мұрат Өтешов Кеңес жұмысын реттейтін заңнамалық жоба туралы жан-жақты ақпарат берді. Ал Кеңес мүшелері бірауыздан Заң жобасының ішіндегі
4,7-баптарына толықтырулар енгізу туралы, сондай-ақ, Қоғамдық кеңес қоғамдағы жағдайды жіті бақылап отыратындықтан, өз алдына дербес, тәуелсіз болуы керек деген ұсыныстарын білдірді.
Одан әрі Қоғамдық кеңес мүшелерінің жұмысы тұрғын үй және жер телімі бойынша және басқа да түрлі тақырыптарға арналған қоғамдық қабылдаумен жалғасты.
Облыстық, қалалық, аудандық филиалдарда өткен қоғамдық қабылдауға 50-ден астам адам тіркелді.
Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» облыстық филиалының және заң орындарының қызметкерлері арызданушыларға өздерін мазалаған сұрақтар бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді.
Тұрғын үй кезегіне тіркелген үш қала тұрғыны, оның біреуі - 3 топтағы мүгедек азамат, жеті жылдан астам уақыт бойы баспанаға қол жеткізе алмай отырғандарын айтты.
Сондай-ақ, қабылдауға келген Антонина Чухаленок тез арада үй алудың жолдарын білмек ниетпен Банк қызметкерлерінен кеңес алды.
Сонымен қатар Қоғамдық кеңес мүшелері мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына қолдау көрсетуге әзірліктерін білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз - әралуандықта» тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды
-
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасы бекітілді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М. Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Марат Әзілханов: Ассамблея бірегей қоғамдық институтқа айналды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Студенттік Ассамблеялардың I республикалық форумында жастардың басын қосты