Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Наурыз, 2017

1143

Атырау облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің отырысы

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында 6 наурыз күні  облыстық әкімдігінде «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің  өтырысы өтті.

Облыс әкімінің орынбасары, облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрайымы А.Әжіғалиеваның төрағалығымен өткен мерекелік іс-шараға облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Г.Шакирова «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері, аудандардағы Аналар кеңесінің төрайымдары, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу басында облыс әкімінің орынбасары А.Әжіғалиева әйелдер қауымын 8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап, Аналар кеңесінің төрайымдарына және этномәдени бірлестіктерінің мүшелеріне сыйлықтар табыстады.

Сөз кезегін алған облыстық Ассамблея хатшысы Г.Шакирова қонақтарды  мерекемен құттықтай келе,  облысымыздағы Аналар кеңесінің 2016 жылы атқарған жұмыстарына есеп беріп, 2017 жылға арналған жоспарды  және өткізілетін іс-шараларды талқылады.

Кездесудің соңында «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Т.Аман-Турлина алдағы уақытта аудандардағы Аналар кеңестерінің мүшелерімен бірігіп ауқымды жоспарларды жүзеге асыру керектігін  айтты. 

Сонымен қатар, Махамбет және Мақат аудандардағы Аналар кеңестерінің төрайымдары Ж.М.Мугауова, Д.Б.Алтаева және «Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің басшысы З.Г.Бобохидзе Аналар  кеңесінің  мүшелерін мерекемен құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.              

Кейін қарай