26 Ақпан, 2020
1368
Атырау: Облыстық және аудандық Аналар кеңесінің жетекшілері бас қосты
Атырауда «Қоғамдық келісім» мекемесінің жаңа басшысы Жанар Ильясова облыстық, қалалық және аудандық Аналар кеңесінің жетекшілерімен кездесті.
Аналар кеңесінің алдында тұрған басты міндет – ұлттық құндылықтарға негізделген және бүгінгі заман талабына сай аналар ортасын қалыптастыру, дейді ұйымдастырушылар.
Кездесу барысында облыстық Аналар кеңесінің жаңа құрамын бекіту, 2020 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, сондай-ақ, қыз балалар тәрбиесі, ене мен келін қарым-қатынасы, мүмкіндігі шектеулі баласы бар аналар психологиясы, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері қаралды.
Мекеме басшысы Жанар Ильясова биылғы жылы аналарды қолдау мақсатында Аналар кеңесінің мүшелерімен Түркістан мен Тараз қаласындағы киелі әулие аналардың мазарына саяхат жүргізілетінін және «Отбасылық өмірінің әліппесі», «Анашым, мені тыңдашы» қыз балалармен сырласу жобалары жүзеге асырылатынын атап өтті.
Сонымен қатар отырысқа арнайы шақырылған «Ұмтылыс» қоғамдық бірлестіктің жетекшісі Жаннұр Жақсылыққызы мүгедектігі бар бала асырап отырған аналардың жан айқайымен бөлісіп: «Қазіргі таңда біз осындай отбасыларға ауылдық жерлерде арнайы бөлімше ашып, аналармен жұмыс жүргізіп отырмыз. Отбасылық қиын жағдайға тап болған 9 отбасына көмегіміз тиді және де бұл жұмысымыз одан әрі де жалғасын табатын болады, - деді.
Аналар кеңесінің атынан сөз алған Балғаным Хасенқызы: «Биылғы Еріктілер жылында Аналар кеңесі қайырымдылық істерге ерекше назар аударатын болады, өйткені қоғамда біз ең бірінші отбасының жағдайына, балалардың тәрбиесіне мән беруіміз қажет», - деді.
Жаңадан сайланған «Алтын шаңырақ» Аналар кеңесінің төрайымы Алевтина Воронцова және басқа да кеңес мүшелері отбасылық құндылықтарды дәріптеу тұрғысында өз ойларымен бөлісті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Жеңіс күнімен құттықтауы