Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Ақпан, 2017

1369

Атырау облысы КХА Қоғамдық келісім кеңесі Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауын талқылады

2017 жылғы 9 ақпан күні Достық үйінде Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және  «Қоғамдық келісім»  КММ ұйымдастыруымен Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шараға оған облыстық, аудандық, ауылдық Қоғамдық келісім кеңестерінің  мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Мақсаты - Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  Қазақстан халқына жолдауын насихаттау бойынша түсіндіру, сондай-ақ конституциялық  реформалардың  бағдарламаларын талқылау.

Отырысты Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Гүлмира Шәкірова  ашып, «Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында баяндама жасады.

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы- Мемлекет басшысының ел алдына қойылған жаңа міндет. Ол жаңа жаһандық  жағдайында  экономиканың  және халықтың әл-ауқатын  өсуіне жаңа моделін құруға және еліміздің экономикасының өсуіне жағдай жасап, біздің ел  әлемдегі 30 қуатты мемлекеттердің қатарына кіруге мүмкіндік береді»,-деді ол өз сөзінде.

Отырыс барысында жолдау бойынша бірнеше сұрақтары  талқыланды:

-  Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін күшейту үшін жаңа сапалы технологиялық даму деңгейіне көшу;

-  Ұлттың бірлігі мен тұтастығын одан әрі нығайту  туралы.

Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Дүйсенбек Құлжанов өз баяндамасында  Конституциялық реформалардың бағдарламаларына тоқталып, қатысушылардың барлық сұрақтарына  жауап берді.

«Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Т.Аман-Турлина отырыстың күн тәртібіндегі үшінші мәселесі «Ауылдық округ күні» - республикалық іс-шара»  туралы  баяндама жасады.

«Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы Қазақстан халқына жолдауын насихаттап және түсіндіру іс-шараларын, сондай-ақ Конституциялық реформалардың бағдарламаларын талқылау мақсатында ҚХА-сы  2017 жылдың 3 наурызында барлық облыстардың ауылдық, кенттік округтерінде «Ауылдық округ күні» тақырыбында Қоғамдық келісім кеңестерінің көшпелі отырысын-республикалық іс-шара өткізіледі. Қоғамдық келісім кеңестері әр ауыл тұрғындарына Президенттің Жолдауын және  конституциялық  реформалардың  бағдарламаларын  жеткізу тиіс»,-деді ол.

Кейін қарай