
27 Ақпан, 2017
1169
Атырау облысы Жұмыскер ауылының тұрғындарымен кездесу
2017 жылдың 24 ақпан күні Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Атырау қаласы, Жұмыскер селолық округі, И.Тайманұлы атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында округ тұрғындарымен кездесу өткізді.
Жиынға округ тұрғындарымен бірге Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері: Атырау мұнай және газ университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Өтелбаев Кәрім Тоқтарұлы; Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Баспасөз орталығының жетекшісі, тарих ғылымының кандидаты, доцент Қайырғалиева Гүлфайруз Қайырғалиқызы; Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының докторы Бердіғожин Лесқали Базарғалиұлы және БАҚ өкілдері қатысты.
«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Ляззат Жылқышиева жиынды ашып, сөз кезегін Кәрім Тоқтарұлына берді. Өзінің сөзінде Кәрім Тоқтарұлы: «Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді. Бұл – жаңа жаһандық болмыс, оны біз қабылдауға тиіспіз. Әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталды. Экономиканы жаппай цифрландыру мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді»- деп Жолдау сөздерін келтіре отырып, өзінің ойымен ел тұрғындарымен бөлісті.
Келесі болып сөз сөйлеген Гүлфайруз Қайырғалиқызы Елбасының нақты берген тапсырмаларын халыққа жете түсіндірді. Яғни, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін қалыптастырмай Үшінші жаңғыруды жүзеге асыру да еш мүмкін емес. Адами капиталдың өзегі – білім. Ғылым дамымай дүние дамымайды. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасына көп көңіл беру керектігін алға тартты. Сонымен қатар, өзекті мәселелердің бірі үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу туралы да сөз қозғады.
Өз кезегінде Лесқали Базарғалиұлы Жолдаудың негізгі басымдықтарын айтып, қауіпсіздік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында сөз қозғады.
- Қазіргі заманда адамзат терроризмнің белең алуымен бетпе-бет келіп отыр. Бұл ретте деструктивті күштерді қаржыландыратындарға, шетелдік террористік ұйымдармен байланыс жасайтындарға қарсы күрес жүргізу ісі негізгі мәселе болып саналады. Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе, интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек, - деп өз ойымен тұжырым жасады.
Жұмыскер ауылдық округ жанындағы «Қоғамдық келісім» кеңесінің төрағасы Ақсереков Есжан сөз алып, келген қонақтарға өз ризашылығын білдіріп, ауыл тұрғындар атынан рахметін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Актөбе облысы
Ұқсас жаңалықтар
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Актөбе облысы