Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Қараша, 2016

817

Атырау облысындағы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» жалпы республикалық шырғарма байқауы

2016 жылдың 18 қараша күні Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханада «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» тақырыбындағы жалпыреспубликалық шығармалар байқауы өткізілді.

Байқауға Ғ.Сланов   атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының, басқа да облыстық және қалалық кітапханалар жүйесінің  мамандары, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, мемлекеттік қызметкерлер, зейнеткерлер және «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  қызметкерлері қатысты.    

Конкурстың мақсаты– Отанды сүюге, туған елге, жерімізге деген сүйіспеншілікті арттыру, жастар бойында патриоттық сезімді ояту, оларды егемен елімізге қамқор болуға және  ел мұрасын жалғастырушы азамат болуға  тәрбиелеу. 

Мұндай іс-шара облысымыздың барлық аудандарында, колледждерін мен  жоғары оқу орындарында өткізілуде. Жалпы байқауға  2805 адам қатысты.

Конкурс екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде конкурсқа қатысушылардың шығармалары өңірлік деңгейде іріктелды. Жергілікті бағалау комиссиясының шешімімен сарапталған жұмыстар екінші, яғни республикалық кезеңге жолданатын болады.

Комиссия мүшесінің шешімімен үшінші орынды  Тәуелсіздікке арнап өлең жолдарын арнаған облыстық дарынды балалар мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Дания Есенгалиева иеленді. Екінші орынға – Атырау облысы Индер ауданындағы Ш.Уалиханов атындағы  орта мектептің 9 сынып оқушысы Люба Калягина ие болды. Ал Құлсары қаласындағы  Е.Халықов атындағы №7 орта мектебінің окушысы  Мөлдір Есеналиева байқаудың бас жүлдегері атанды.

Бұл шығармалар  республикалық деңгейде өтетін байқауға жолданатын болады.

Кейін қарай