03 Сәуір, 2017
1690
Атырау облысының ҚХА жанындағы журналистер клубының отырысы
Атырау қаласындағы Достық үйінің конференц-залында Журналистер клубының отырысы өтті. Күн тәртібіне екі мәселе қойылды. Олар: клуб мүшелерінің жаңа құрамын қарастыру және журналистер арасында өтетін жыл сайынғы облыстық «Шаңырақ» байқауының ережесін талқылау.
Қазақстан халқы облыстық ҚХА жанындағы журналистер клубы 2015 жылы құрылып, жұмыс істеп келе жатыр. Клуб жетекшісі - облыстық «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары, журналист Өтеген Аманшыұлы Наукиев.
Бүгінгі таңда 6 журналист аталмыш клубтың мүшесі болып табылады. Олардың барлығы да этносаралық қатынас, бірлік пен бірегейлік, қазақстандық патриотизм тақырыбын насихаттап жүрген қаламы ұшқыр тілшілер мен редакторлар.
Жыл сайын «Қоғамдық келісім» КММ журналистер арасында ең үздік материалдарға байқау жариялайды. Былтыр облыстың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері 3 номинация бойынша жеңімпаз атанып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Отырыс барысында байқаудың ережесі де талқыға салынды.
Өз кезегінде журналистер қауымы бірлесе істеген жұмыс үшін «Қоғамдық келісім» КММ басшысына алғыстарын айтып, өздерін мазалаған сұрақтарына жауап алды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы