
06 Қыркүйек, 2016
982
Атырау жұртшылығы Олимпиада жеңімпаздарын ұлықтады
2016 жылғы 5 қыркүйекте Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Жайық» спорт кешенінде ХХХI жазғы Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан алтын медаль иеленген Атырау облысының спортшысы, чемпион Нижат Рахимовты және таэквондошы Жансель Денизді ұлықтау салтанаты болып өтті.
Байрақты бәсекелерде ел намысын қорғаған чемпионға құрмет-қошемет көрсету үшін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Жайық» спорт кешенінде қолдарына Қазақстан Республикасының көк туын, «Алға, Қазақстан!», «Так держать!», «Молодцы!», «Жеңіспен!» деген ұрандар жазылған плакаттар мен түрлі-түсті жалаушалар ұстаған мыңдаған адам жиналып, спортшыларға қошемет көрсетті.
Спортшыларды Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев құттықтады.
- Бүгін біздің облысымызда тарихи оқиға болып отыр. Біз бүгін ХХXI Рио-де-Жанейро олимпиадасында толағай табыстарға қол жеткізген спортшыларымызды ұлықтауға жиналдық. ХХХI Олимпиаданың жеңімпаздарының есімдері Қазақстан тарихына алтын әріптермен жазылып қалатын болады. Әрі олардың арасында Атырау облысынан қатысқан Ниджатты біз мақтан етеміз».
Қымбатты Нижат! Бүгін барша атыраулықтар сені тамаша жеңісіңмен құттықтайды. Өзіңнің еңбекқорлығыңмен, жеңіске деген құлшынысыңмен және саған бүкіл Қазақстан халқы зор үмітпен қарап отырғанын терең түсінгеніңнің арқасында барлық кезеңдерді сәтті өткізіп, алтын медальды жеңіп алдың!, - деді әкім өз сөзінде.
Өз атынан Нижат Рахимов та Атырау жұртшылығына алғысын айтты.
Облысы әкімі XXXI Олимпиада ойындарындағы жеңісінің құрметіне барлық атыраулықтардың атынан Нижат Рахимовке үш бөлмелі пәтердің сертификатын сыйға тартты. Ал, Жансель Дениз екі миллион теңгенің сертификатымен марапатталды.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанып, дара шыққан спортшыларға арналған салтанатты мереке әрі қарай «Жайық» спорт кешенінде жалғасын тапты. Іс-шара соңында ХХХI жазғы Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан алтын медаль иеленген Атырау облысының спортшысы, чемпион Нижат Рахимов Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері және Атырау облысы азербайжан этномәдени бірлестігінің өкілдерімен кездесті.
Осыдан кейін спортшылар мен жанкүйерлер үшін концерттік бағдарлама қойылды.
Атырау облысы әкімінің «Қоғамдық келісім»
КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Атырау облысы
-
Президент Түркістан облысының жұртшылығымен кездесті
-
ҚХА мүшелері Олимпиада жүлдегерін қарсы алды
-
Атырау облысында Аналар кеңесінің онлайн-семинары өтті
-
Атырауда ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының инспекторы облыстық ҚХА құрылымдар басшыларымен кездесті
-
Атырауда «Этноблогер» шығармашылық байқауы өтті
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Атырау облысы
-
Президент Түркістан облысының жұртшылығымен кездесті
-
ҚХА мүшелері Олимпиада жүлдегерін қарсы алды
-
Атырау облысында Аналар кеңесінің онлайн-семинары өтті
-
Атырауда ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының инспекторы облыстық ҚХА құрылымдар басшыларымен кездесті
-
Атырауда «Этноблогер» шығармашылық байқауы өтті