05 Наурыз, 2019
1514
Атырауда ашылған Белсенді өмір сүру орталығы алты бағыт бойынша жұмыс істейді
Атырау қаласының Достық үйінде «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының тұжырымдамасына сәйкес ардагерлерге арналған «Белсенді өмір сүру орталығының» салтанатты ашылу рәсімін өткізді.
Орталықта ардагерлер үшін алты секция (Салауатты өмір салты, құқық және психология, Қызығушылықтар бойынша клубтар, Әңгімелесу және тіл үйрену клубтары, ментор клубы) жұмыс істейтін болады.
«Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Жанат Досқалиева орталықтың ашылуы жайында «Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалының өкілдерімен және облыстық ардагерлер Кеңесінің өкілдерімен ой бөлісті.
«Мұнда қаламыздағы зейнеткерлер кез келген уақытта бас қосып, пікір алмасып, уақыттарын тиімді өткізуге қолайлы жағдай жасалып оытр. Зейнет жасындағы қариялар шахмат ойнап, кітап оқып, домбыра тартып, қолөнермен шұғылданып, тіпті фитнес залында жаттығулар жасай алады. Сондай-ақ, жаңа орталықта психолог пен заңгерлер де қызмет көрсетіп, кеңес береді. Бұл орталық күн сайын жұмыс істейді. Мұндай орталықтар «Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалы қолдауымен өңірдің 7 ауданында да ашылмақ», - деді сөз алған облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Бақберген Қарабаев.
Шара барысында қатысушылар Алғыс айту күніне орай Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен «Қоғамдық келісімнің» ұйымдастыруымен дайындаған «Алғыс – ризашылық пен терең тағзым белгісі» тақырыбындағы көшпелі кітап көрмесін және зейнеткерлердің қолынан шыққан қолөнер бұйымдарын тамашалады.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР:
АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ СОТҚА ДЕЙІНГІ ОТБАСЫЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
БОЛГАР ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ «АТЫРАУ ЖАСТАРЫНЫҢ АЛТЫН КІТАБЫНА» ЕНДІ
«АТЫРАУ» ГАЗЕТІНІҢ ТІЛШІСІ МӘЛИКЕ ҚУАНЫШЕВА ЭТНОЖУРНАЛИСТИКА БОЙЫНША БАЙҚАУДЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті