26 Қараша, 2018
957
АТЫРАУДА «ҚАЗАҚТАНУ» ЖОБАСЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЛЕКТОРИЙ ӨТУДЕ
Атырауда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасының Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын ілгерілету бойынша республикалық лекторийі өз жұмысын бастады.
Лекторий жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко, Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрсауле Сайлауова, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Аналар кеңесінің мүшелері, көрнекті қоғам қайраткерлері, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесі мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері, мемлекеттік органдар мен республикалық жастар бірлестіктерінің, жоғары оқу орындарының, қоғамдық келісім кеңестерінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, жазушылар және БАҚ қатысуда.
Түстен кейін лекторий жұмысы Ғабдол Сланов атындағы облыстық әмбебап кітапханасындажалғасады.
Сонымен қатар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің спорт кешенінде «Қазақтану» жобасының шеңберінде «Ұлттық салт-дәстүрлер» театрландырылған қойылымы өтеді.
Ал 27 қарашада «Қазақтану» жобасы Махамбет және Жылыой аудандарының елді мекендерінде дәрістер циклы ретінде жалғасады деп жоспарлануда.
Анықтама үшін: «Қазақтану» жобасына ҚХА XXVI сессиясында бастама жасалған және қазақстандық этностардың мәдениеттерін өзара байытуы, қазақ халқының гуманистік дәстүрлері мен рухани құндылықтары негізінде қоғамдық сананы жаңғырту процесінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған.
Жобаны іске асыру басталғаннан бері лекторийлер Ақмола (19-21 маусым), Қызылорда (12-14 қыркүйек) және Қостанай (11-13 қазан) облыстарында өтті. Лекторийдің ерекшелігі – оның шағын қалалар мен аудан орталықтарын қамтып, өңірде тұтастай өтетіндігінде.
«Қазақстану» жобасының шеңберінде лекторийлер жалпы алғанда 5200 адамды қамти отырып, 17 елді мекенде өтті.
Дата события ассамблеи: 26.11.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті