18 Мамыр, 2021
1036
Атырауда азаматтық біртектілікке арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды
Атырау облыстық Ассамблея өкілдерінің қатысуымен Жылыой, Махамбет аудандарында «Азаматтық біртектілік - менің ұстанымым» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинарда «Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Зураб Бобохидзе 28 сәуірде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIХ сессия жұмысы туралы айтып өтті.
Сондай-ақ, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Ғылыми-сараптамалық және бақылау бөлімінің бөлімінің басшысы Гүлден Еспанова этностардың қоғамдағы жағдайы, соның ішінде, аудан этностарының ерекшеліктері, этносаралық қатынастардың дамуы туралы баяндап берсе, Этномәдени бірлестіктермен және қоғамдық көпшілік шаралармен жұмыс бөлімінің басшысы Айнұр Халимова қазақстандықтардың бiртектiлiгiн нығайтуға, қоғамның бүтiндiгiн қалыптастыру үшiн жағдай туғызатын ҚХА-ның бүгінгі жұмыстарының негізгі бағыттары туралы әңгімеледі.
Семинар барысында Ғылыми-сараптамалық және бақылау бөлімінің бас сарапшысы Жаннат Асабаева тындаушылармен «ұлттық сәйкестілік», «тұлғалық біртектілік», «азаматтық біртектілік» ұғымдарды талқылап, тренинг ұйымдастырды.
Жалпы семинар жұмысына Жылыой, Махамбет аудандарындағы этнос өкілдері, жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, Аналар және Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, Ардагерлер кеңесі және аудан жастары мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің мамандары қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32