05 Шілде, 2020
140351
Атырауда «Домбыра – дала даусы» онлайн-конкурсының жеңімпаздары марапатталды
15 маусымда басталған «Домбыра-дала дауысы» атты онлайн байқауы бүгін Атырау облысы Достық үйінде қорытындылады. Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына және «Ұлы домбыра» күніне арналған байқауға қатысқан этнос өкілдері марапатталды.
«Байқаудың мақсаты - қазақтың ұлттық құндылықтарының бірі, ғасырлар бойы әрбір қазақ отбасының төрінен орын алып келе жатқан қасиетті қара домбыраның мәртебесін көтеру, оны жасаушы шеберлердің өнерін жандандыру. Сондай-ақ, Атырауда тұратын этнос өкілдерінің ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы мен мен құрметін ояту», - деді Атырау облысы ҚХА «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Жанар Ильясова.
Облыс деңгейінде этнос өкілдері арасында алғаш рет ұйымдастырылып отырған байқауға 10-нан астам өтініш келіп түсті.
Байқау шарты бойынша қазылар алқасы мүшелері әр қатысушының орындау шеберлігін, киім үлгісін, тақырыпқа сәйкес таңдалған ән репертуарын бағалады.
Сонымен қатар, домбырада еркін ойнап білген этнос өкілдерінің бейнежазбаларының барлығы Атырау облысы «Қоғамдық келісім» мекемесінің фэйсбук, инстаграм желілерінде жарияланып, көрермен таңдауы да (лүпіл саны) ескерілді.
Байқауға қатысқан ең жас қатысушы 8 жаста. Әр қатысушы көпшілікті қазақ күйін шебер орындаумен тәнті етті. Әсіресе, Құрманғазы күйлерін орындаған орыс, украин, корей, литвалық ұлт өкілдері домбыраның үнін таза, қоңыр, тембрі жұмсақ, құлаққа жағымды етіп ойнай алды.
Әлеуметтік желіде ең көп лүпілді жинаған және қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен «Балбырауын», «Ақсақ киік» күйлерін орындаған орыс ұлтының өкілі, Жылыой ауданының тұрғыны Роман Андрианға 1-ші орын берілді. Ал, екінші орынды Құрманғазы ауданында тұратын литвалық Ирина Алексюнайте және Михаил Вязниковцев, ал 3-ші орынды кәріс ұлтының ұлы Ли Иван және венгрлік Руслан Вербовтар жеңіп алды. Атырау облысы Қоғамдық келісім мекемесі атынан жеңімпаздар Диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Ал, өзге байқау қатысушыларға мекеме атынан алғыс хаттар табысталды.
Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған аталмыш байқауда «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Кораблев демеушілік танытып, байқау қатысушыларына өз атынан естелік сыйлықтарды табыстады.
Марапаттау рәсімін байқау қатысушылары және қазылар алқасы мүшелері қазақтың ұлы домбырасында қазақ күйін орындауымен аяқтады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті
-
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ҚХА «Шаңырақ» кафедралары қауымдастығымен және ҚХА кафедрасының өкілдерімен кездесті
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Қарағандыда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» облыстық форумы өтті
-
ҚХА аясында Павлодар облысында Еңбек Ассамблеясы ашылды
вчера, 17:40
Астанада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті
5 Ақпан, 17:24
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
4 Ақпан, 18:08
Астана қаласындағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктер активімен Конституциялық реформаны талқылауға арналған кездесу өтті
4 Ақпан, 17:58
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Астана қаласындағы корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Евгений Цоймен кездесті
4 Ақпан, 16:03