22 Желтоқсан, 2020
613
Атырауда ҚХА-ның 25 жылдығына орай мерекелік кеш өтті
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай Атырау қаласының Достық үйінде этномәдени бірлестік өкілдері, Аналар кеңесі, Қоғамдық келісім кеңесі, Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мүшелерінің қатысуымен үлкен мерекелік кеш өтті.
Атырау облысы Ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары Гүлмира Шакирова ҚХА-ның 25 жылдығына орай өңірде атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп:
- Биылғы жыл баршамыз үшін ерекше жыл болды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы және Еріктілер жылы болып жариялануы жастарымызды қанаттандырды деп ойлаймын. Өйткені осы жылы елімізде орын алған пандемия кезіндегі қиындыққа қарамастан Ассамблеямыздың Еріктілері мен этнос жастары көптеген қайырымды істер мен қоғамға өз үлесін тигізер игі шаралармен айналысты. Соның ішінде Бірлік күніне, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына, Домбыра күніне көптеген бейнечеллендждер, онлайн концерттер, түрлі конкурстар мен викториналар ұйымдастырылды. Барлық облыстық ҚХА-ның құрылымдары тұрғындарға материалдық көмек көрсетіп, медицина қызметкерлері мен олардың отбасыларына қайырымдылық қолдау танытты. Міне, осының өзі бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің қиындық пен қуанышта да халықпен бірге екенін дәлелдеді, - деп, Атырау ҚХА Еріктілері мен мерей жас иелерін Алғыс хатпен марапаттады.
Шараға қатысушы «Иверия» грузин би ансамблі өз өнерлерін билерімен өрнектесе, «Қоғамдық келісім» ұжымы, Аналар кеңесі, Қоғамдық келісім кеңесі және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері де өздерінің музыкалық бағдарламаларын көпшілікке тарту етті.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19