11 Тамыз, 2021
762
Атырауда ҚХА қоғамдық құрылымдарының рөлі талқыланды
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында «Қазақстандық бірегейлікті қалыптастырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараға Атырау облысы ҚХА ардагерлері, этномәдени бірлестік өкілдері, Аналар кеңесі, Қоғамдық келісім кеңесінің өкілдері, Журналистер клубының мүшелері және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді жастары қатысты.
Исатай ауданы бойынша ҚХА сарапшысы Е. Насимуллин қоғамдық келісім мен азаматтық бірегейлікті нығайтуда ҚХА-ның қоғамдық құрылымдарының ерекшеліктерін, «Былина» ЭМБ Аналар кеңесінің жетекшісі Л.Садыкова азаматтық бірегейлікті қалыптастыруда отбасылық құндылықтардың маңыздылығын, ҚХА Атырау қалалық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Р.Сәрсенов Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысын, «Жағыру жолы» жастар қозғалысы атынан Б.Байсалбай қазіргі таңда жастардың өңірімізде Ассамблея жұмысына қосып жүрген үлестерін айтып өтті.
ҚХА Журналистер клубының мүшелері атынан сөз алған ардагер журналист Л. Монастырская еліміздегі бірлік пен келісім жолында Журналистер клубының мәдени коды қандай болу керек деген ұғымға тоқталып өтті. Ал Аналар кеңесінің жұмысын саралаған Құрманғазы ауданы бойынша ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Б.Хасенова аудандағы Аналар кеңесінің жұмысы мен ауылдық жерде тұратын өзге ұлт өкілдерінің қоғамдық-мәдени іс-шараларға деген қызығушылығын айтты. Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері А.Воронцова ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішіндегі этникалық бірлестіктердің жеткен жетістіктері бойынша мағұлмат берді. Баяндамашылардың ұсыныс-пікірлерінен ой түйп, шараны қорытқан қатысушылар «Жаңғыру жолы» жастарының жұмыс бағыттарының нақты жүйемен жүзеге асырылуы үшін әлеуметтік-азаматтық белсенділіктің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, азаматтық бірегейлікті қалыптастыруда Аналар кеңесінің қызметі мен «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің жұмысын облыстық ассамблеяның қоғамдық құрылымдарының іс тәжірибиесінде қолдану туралы ұсыныстар айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37