23 Желтоқсан, 2016
1037
Атырауда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы өтті
22 желтоқсанда Салтанат сарайында Атырау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы өтті.
Атырау облысының әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрлан Асқарұлы Ноғаевтың төрағалығымен өткен жиынға этномәдени бірлестіктер төрағалары мен мүшелері, ҚХА ғылыми-сарапшылар тобы, Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының бірінші орынбасары Н.Ожаев, облыс әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, мемлекеттік мекеме басшылары, ірі мұнай компанияларының басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Сесиия жұмысын ашқан Атырау облысының әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрлан Ноғаев жиынға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, басқосудың мақсатымен таныстырды.
Облыс басшысы өзінің баяндамасында «Мемлекет Басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында берген «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ел» тапсырмаларының жүзеге асырылуына тоқталды.
«2016 жыл- Қазақстан халқы үшін басты стратегиялық құжаттарды қабылдау және оларды жүзеге асыру жылы болды. Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын, Қазақстан халқы Ассамлеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын, «Мәңгілік ел» Патриоттық Актісінде көрсетілген бағыттарды жүзеге асыру бағытында бірталай жұмыстар атқарылуда. Биылғы жыл қоғамдық келісім кеңестерін бекіту, Медиацияны дамыту, «Үлкен ел- Үлкен отбасы» жалпы республикалық жобасы аясында ауқымды қайырымдылық жобалары іске асырумен ерекшеленді. Мен облыстық Ассамблеяның мүшелеріне, өңірімізде тұратын түрлі этномәдени өкілдеріне еліміздің өркендеуіне сүбелі үлестері үшін шын жүректен алғыс білдіргім келеді», -деді ол.
Іс-шара барысында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңа мүшелері мен Қоғамдық келісім кеңесінің жаңа құрамы бекітілді.
Сондай-ақ, КХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің белсенділері Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медальдары және Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет Грамотасымен марапатталды.
Іс-шара этномәдени бірлестіктердің шығармашылық топтары ұсынған шағын мерекелік концертпен аяқталды.
Сессия аясында облыстық қолөнершілер мен шеберлердің және этномәдени бірлестіктердің жұмыстары көрсетілген шығармашылық көрме ұйымдастырылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді