25 Сәуір, 2019
1234
Атырауда Татар халқының мақтанышы Ғабдолла Тоқайды еске алды
Атыраудың Достық үйінде «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың шығармашылығына арналған кеш өтті.
Ғабдолла Тоқай небәрі 27 жыл ғана ғұмыр кешкен. Ал шығармашылық ғұмыры бар жоғы сегіз жылға созылды. Қысқа ғана ғұмырында ақын 400-ден аса өлең, 9 поэма, 350-ге жуық әңгіме, очерктер мен естеліктерді кейінгі ұрпаққа қалдырып үлгерді. Одан бөлек көптеген ертегілер, памфлеттер мен фельетондар, эсселер жазушының шығармашылық мұрасының ажырамас бөлігіне айналды. Ақын шығармаларында қозғалған басты тақырып ұлтының тағдыры, мәдениеті және білімді қоғам құру болды.
Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильм көрсетіліп, көрме-галериясы ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, татар тілін үйренуші жексенбілік мектептің тәрбиеленушілері Ғ.Тоқайдың 1907 жылы татар фольклорының желісімен жазылған «Шурале» поэмасынан үзінді көрсетіп, өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды.
Тіпті кішкентай бүлдіршіндерге дейін ақынның қылқаламынан туындаған өлеңдерін жатқа айтып, көпшіліктің назарын аударды.
Шығармашылық кешті татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің «Татулық» хоры татар тілінде шырқалған әндерімен аяқтады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті