30 Наурыз, 2019
1291
Атыраудың «Иверия» грузин би ансамблі Италияда Қазақстан атынан өнер көрсетеді
Наурыз мерекесі қарсаңында Алматы қаласында өткен халықаралық көпжанрлы «Аrtictic days» өнер және мәдениет фестиваль-байқауында Атырау облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының грузин этномәдени бірлестігінің «Иверия» би ұжымы Бас жүлдені жеңіп алды.
«Халықаралық өнер күндері» аясында өткен фестивальға Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстаннан 800-ге тарта өнер майталмандары, яғни жүзден астам би ұжымы өнер көрсетуге ниет білдірген. Гала-концертке іріктеу турынан өткен 14 ұжым қатысқан. Олардың қатарында атыраулық «Иверия» ансамблі де болды. 26 бала «Мой Кавказ» және «Наурыз» билерін орындап, ақтық сынға жолдама алды. Марапаттау рәсімінде атыраулықтар Бас жүлде ретінде Италияның Римини қаласында шілде айында өтетін фестиваль-байқауға тегін қатысуға құқық беретін сертификатты еншіледі.
Қазылар алқасының құрамында Испанияның сальсо билері бойынша төрт мәрте жеңімпазы С. Хавьер, «Festival&contest» Қауымдастығының Президенті Кристино Карточети және тағы басқалар бар. «Иверия» би ұжымы жеңіп алған «Special artistic Award» арнайы сыйлығының ерекшелігі – оның бір рет қана табысталуында.
«Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Зураб Бобохидзенің айтуынша, «Иверия» би ұжымы осыдан 13 жыл бұрын құрылған. Содан бері табанды еңбек етіп келеді. Әр түрлі жастағы жас таланттардан құрылған ұжым көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
7 Шілде, 21:16
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ