Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Ақпан, 2016

1091

Ауған соғысының ардагерін еске алу

Көкшетау қаласының Достық үйінде ауған соғысының ардагері, интернационалист жауынгер, кезінде Ауған соғысы ардагерлері  одағының ТМД, Балтық елдері, Орталық Азия елдеріндегі  ардагерлермен байланыс жөніндегі республикалық одағының орынбасары болған Микаил Цуровты еске алуға арналған кеш өтті. Аталмыш іс-шараға Микаил Сұламбекұлының  жауынгер достары, туысқандары мен әріптестері қатысты. Жиынға арнайы келіп, жылы лебізін білдірген Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов: «Микаил Сұламбекұлын біз патриот, нағыз жауынгер ретінде танимыз. Ол өз елін шексіз сүйді. Жастар үшін оның жасаған ерлігі өшпес өнеге болып қала береді. Оның жоспарлары көп болған еді»,- деді өз сөзінде.  

Микаил Цуров - 1962 жылы 7 ақпанда Ақмола облысының Щучье қаласында дүниеге келген. Инженер-құрылысшы. 2015 жылдың желтоқсан айында жүрегіне жасалған бірнеше рет отадан кейін көз жұмған Микаил Цуров Ингушетия жерінде, ата-бабасының топырағында жерленді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1985 жылы «Ерлігі үшін» медалімен, Ауғанстан Президентінің  Жарлығымен 1988 жылы «Интернационалист жауынгерге ауған халқының алғысы» медалімен, «Ер жүректігі және ерлігі» үшін орденімен және де көптеген медальдармен марапатталған.

Еске алу кешіне жиналған қауым бұл күні Микаил Цуровтың тек жауынгерлік ерлігін ғана айтып қойған жоқ, сонымен қатар өмірде, ұрпақ тәрбиесіне, қоғам жұмысына белсенді араласқан азамат ретінде де көптеген игі істерін еске алды. «Вайнах» шешен-ингуш орталығының төрағасы, кешті ұйымдастырушы Герихан Яндиев: «Макаил - қолға алған барлық жұмысты уақытында орындайтын. Отбасы, бизнес, біздің орталықтың жұмысы болсын немесе жастарды тәрбиелеу мәселесі болсын, кез келген істе оң шешімін табатын. Ол құр бос сөз сөйлемейтін, істің адамы болды»,- деп еске алады.

Макаил Цуров шешен-ингуштардың облыстық «Вайнах» орталығында белсенді қызмет атқара отырып, тарихи атамекені мен Қазақстан арнасындағы достық қарым-қатынасты қалыптастыруға өз септігін тигізе білген азамат болды. 

   

   

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы

Кейін қарай