Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Шілде, 2016

793

Аудандық кеңестің кеңейтілген отырысы

2016 жылғы 19 шілде күні Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.  Отырыс жұмысына  «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Г.Шерниязова,  облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық тобы төрағасының орынбасары Ү.Сәрсембин, Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары Н.Барбосынов мен Мәртөк аудандық Достық үйінің директоры М.Тұрлығұлова  және де аудандық кеңестің мүшелері, аудандық, ауылдық  этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Отырыс аудан әкімі орынбасарының алғысөзімен ашылып, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Г.Шерниязова «Ақтөбе облысы ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерінің қызметі» тақырыбында, ҚХА жанындағы ҒСТ төрағасының орынбасары Ү.Сәрсембин «Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту: ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерінің өзекті міндеттері» тақырыбында баяндамалар жасады.

Отырыс барысында кеңестің атқарған жұмыстарының қорытындысы туралы аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы М.Тұрлығұлова баяндама жасады. «Аудан бойынша барлық ауылдық округтерінде Қоғамдық келісім кеңестері құрылып, жоспарға сай жұмыс атқарып келеді. Аудандық он үш Қоғамдық келісім кеңестерінің құрамында 111 адам жұмыс жасайды», - деп атап өтті ол.

Мәртөк ауданының медиаторы А.Мұстафин өз сөзінде медиация жолымен дауларды сотқа дейінгі шешу мақсатында аудан бойынша 2015 жылы 35 медиатор және аудан орталығында Батыс Қазақстан медиация және келіссөздер процесі орталығының өкілі кәсіби медиатор тіркелгенін, 2015 жылы медиаторлар оң шешімін тапқан 7 істі қарағанын атап өтті.

Сонымен қатар, ауылдық округ кеңестерінің жұмыстары туралы Жайсан, Қызылжар ауылдық округтік кеңестерінің өкілдері баяндамалар жасады.

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күресте діни бірлестіктердің рөлі туралы аудан имамы Р.Наджаминұлы сөз қозғап, «Ауданда үш діни бірлестік қызмет атқарып, оның өкілдері қоғамдық келісім кеңесінің өкілдері болып табылады,  ауданда «Діни келісім күндері» әрдайым өткізіліп отырады»,- деп атап өтті.  

Отырыс қорытындысы бойынша 2016 жылдың екінші жарты жылдығында  Кеңес жұмысын жетілдіру мақсатында бірқатар міндеттер қойылды.

«Ақтөбе облысының әкімінің аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Кейін қарай