Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Шілде, 2017

1273

Аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы

2017 жылдың  20 шілдесі  күні Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Махамбет аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің жаңа құрамының  кеңейтілген  отырысы өтті.

Кеңейтілген  отырысқа аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы   Ұ.С.Тналиев, Атырау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Г.М. Шакирова, облыс  әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім»  КММ басшысы Т.Ө.Аман-Турлина,  аудандық кеңес мүшелерімен бірге мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, ауылдық қоғамдық келісім  кеңестерінің  жетекшілері,  аудандық қоғамдық  және  ардагерлер кеңестерінің төрағалары, аудандық мәслихат хатшысы,  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, жергілікті полиция қызметінің бастығы, аудандық білім бөлімінің басшысы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кеңес отырысында аудандық «Қоғамдық келісім» кеңесінің жұмысы және  алда тұрған міндеттер, аудандық «Қоғамдық келісім» кеңесінің 2017 жылдың 2 -жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары бекіту туралы мәселелар қаралды.

Күн тәртібінің  бірінші мәселесі бойынша Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Махамбет ауданы бойынша сарапшысы Құрманбаев Асқар Рахымұлы хабарлама жасап, кеңестің құрамына, атқарылған жұмыстарға және алда тұрған  міндеттерге, атқарылатын жұмыстардың басты бағыттарына тоқталып, сұрақтарға жауап берді.

 Мәселені талқылау барысында  сөз алған Сарайшық ауылдық округінің әкімі Мәстекова Алмажай Айсағалиқызы, аудандық мәслихат депутаты, аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің бас редакторы  Ерғалиев Нұрым Телманұлы  өз ауылдарында бірнеше ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқандарын, еңбек жасындағылардың бәрі жұмыспен қамтылғанын, ауылда ахуал бір қалыпты екенін, келіспеушілік, дүрдіараздық жоқ екенін және  осыған дейін қоғамдық келісім  кеңестерінің жұмысы жөнінде толық түсінік болмағандықтан, кеңес нәтижелі жұмыс жасай алмағандығын,  бүгінгі кеңес отырысында алған түсініктері алда қарай нәтижелі  жұмыс жасауға негіз болатынына тоқталды.

Кеңес отырысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Тналиев Ұлықбек Серікұлы қонақтарға хош келдіңіздер деп кеңес жұмысына табыс тіледі,  өз кезегінде сөз алған  Шакирова Гүлмира Мүслімқызы  мен Аман-Турлина Тамара Өтегенқызы қоғамдық келісім кеңестері жұмыстарының басты бағыттарына тоқтап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Кеңес отырысы күн тәртібіндегі мәселе бойынша шешім қабылдап, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің 2017 жылдың 2 жартыжылдығына  жұмыс жоспарын бекітті.

Дата события ассамблеи: 25.07.2017

Кейін қарай