
08 Ақпан, 2019
2328
Аймақтарда «Сыбаға» қайырымдылық акциясы басталып кетті
Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Сыбаға» қайырымдылық акциясына бастама берді.
«Сыбаға» қайырымдылық акциясын Көкшетау қаласындағы «Аналар үйіне» ақпанның бірінші күндері ҚХА жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің одағы бастады.
Дағдарыс орталығының тұрғындары ішінде қиын өмірлік жағдайға тап болған жас әйелдер бар. Олардың әрбірінің басында кез-келгенге айта бермейтін мұңды өмір тарихы, қасіреті бар.
ҚХА жанындағы шеберлер одағының мүшесі Лидия Власенко аналар мен олардың кішкентай бүлдіршіндеріне өз қолымен жасалған қуыршақтарды ала келді, себебі тоқыма өнері Лидия Ивановнаның сүйікті ісі ғана емес, өмірінің ажырамас бір бөлігі саналады. Одан бөлек, күнделікті тұрмыста қажет заттарды сатып алу үшін «ақшалай» конвертті те сыйға тартты.
Әдемі жиналған жемістер мен азық-түліктері бар «Сыбаға» қоржынын аналар мен балаларға ҚХА жанындағы шеберлер одағының төрағасы Ибрагим Исенов, «Қоғамдық келісім» КММ-нің маманы Алтынай Күлжанова, қолөнер шеберлері Гүлнар Орынбаева, Гүлбара Нұрқанова және Қырмызы Байтасовалар әкелді.
Айта кетсек, Ана үйінде жасы 25-ке дейінгі әйел адамдар туған баласының бір жарым жасқа толғанша тұра алады. Ана үйін ашудың басты мақсаты – қиын жағдайға тап болған жас аналарды қолдау, балаға қажетті қарапайым күтімдерді жасауына жағдай туғызу, жас ананың қиындыққа мойымай, баланы жетімдер үйіне беруін болдырмау. «Ана үйінің» басты миссиясы – баланы отбасында сақтау, әлеуметтік жетімдікті азайту.
Ежелгі қазақ дәстүрі бойынша әр құрметті қонаққа, тіпті, жолда келе жатып қонуға келген жүргіншіге де «сыбаға» беру міндеттелген.
Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен іске асырылып жатқан «Сыбаға» акциясының негізгі мақсаты – қараусыз қалған егде жастағы жандарға, жетімдерге, науқастарға, қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмек, қолдау көрсету саналады.
Дәл осындай қайырымдылық акциясы Семей қаласында да ұйымдастырылып өткізілді.
Семей қаласының Достық үйі мен «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының Вице Президенті, Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі О. Шарипбаев, «Силикат» заводының басшысы, Қазақстан Халқы ассамблеясының мүшесі, ШҚО маслихатының депутаты, Достық үйінің қасындағы меценаттар клубының төрағасы Б. Адианов басқарып отырған кәсіпорын мекемесінде «Сыбаға» акциясын ұйымдастырды.
Құрметті қонақ ретінде зиялы қауым, белгілі ардагерлер мен қатар Қазақстан Халқы ассамблеясының мүшесі Г. Ахунажанов шақырылды. Ұйымдастырушылар заводтың жұмысшыларына қазақтың салт-дәстүрін оның ішінде «Сыбағаның» мән-жайын түсіндірді.
«Силикат» заводында 300 ден астам әр ұлттың өкілдері жұмыс істейді. Жиырма жыл бойы дәстүрлі болып келген Қазақ тілін оқыту лекциялары ұйымдастырылып келе жатыр.
Енді жұмысшылар латын тілін меңгеруді мақсат етіп отыр. «Силикат» заводының басшысы жұмысшылар мен мектеп оқушыларын «Ана тілі» газетіне тегін жазуға шешім қабылдады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті