18 Наурыз, 2017
1514
Қайырымды ел
17 наурызда Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен жалпыоблыстық «Қайырымды ел» акциясы өтті.
Мақсаты: қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің басты факторы ретінде қоғамда мейірімділікті, гуманизм мен өзара риясыз көмек жасауды орнықтыру.
Іс-шараға облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, облыстағы жаны жомарт тұлғалар қатысты. Акция барысында «Қамқор», «Алпамыс», «Айналайын», «Бейімдеу орталығы» мен «Зағиптар қоғамы» қайырымдылық жәрмеңкесін ұсынып, қолөнер бұйымдарын сатты. Сонымен қатар концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Акцияны Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай ашып, қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі екеніне тоқталып, «Жанашырлыққа - жан риза» дегендей бір-бірімізге жанашыр қамқоршы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу әрбір адамның азаматтық парызы екендігін атап өтті. Облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Оралбек Нұрсейітұлы Жақиянов пен қалалық Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Сегізбаева Аян Ақашқызы акцияның мақсаты мен маңызы жайында сөз сөйледі.
Жүрек жылуын төгіп, қиындыққа тап болған жандарға қол ұшін беріп жүрген жомарт жанды азамат, жеке кәсіпкер Әміров Мұсеке Кенжебайұлы: «Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Адамдар бір - біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды»,-деді.
Акцияны ұйымдастырушылар тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына, аз қамтылған отбасының балаларына сыйлықтар беріліп, көмектер көрсетілді.
«Қайырымды ел» акциясы Алматы облысының 16 аудан 3 қаласында ұйымдастырылды. Іс-шара наурыз айының соңына дейін жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті