26 Қараша, 2018
909
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТА ЕЛ АЗАМАТТАРЫН БІРІКТІРЕТІН ҚАҒИДАТТЫҢ ЗОР ӘЛЕУЕТІ БАР
«Қайырымдылық керуені» аясында қайырымдылық ұйымдары мен донорлардың жыл сайынғы республикалық форумы Атырауда алғаш рет өтті.
Форумның ашылуында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко бүгінде қайырымдылық қоғамдық сананы жаңғыртудың маркері болғанын атап өтті.
«Бес әлеуметтік бастама» және Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы Қазақстанның әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасуын куәландырады. Елімізде әлеуметтік әл-ауқаттың ұлттық үлгісі құрылуда. Бұл үлгіде қайырымдылық жетекші рөлдердің бірін атқарады. Дәл осы қайырымдылық, шын жүректен игілік жасауға деген қажеттілік елдегі қоғамдық келісім мен азаматтық бейбітшілік негіздерінің бірі болып табылады», – деп атап өтті Леонид Прокопенко.
Қайырымдылықта еліміздің барлық азаматтарын біріктіретін қағидаттың зор әлеуеті салынған. Сондықтан ҚХА басшысының орынбасары атап өткендей, Ассамблеяның басты бағыттарының бірі – қайырымдылықты дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
Жалпы республикалық «Қайырымдылық керуені» қайырымдылық акциясын Ассамблея 2015 жылдан бастап үзбей өткізіп келеді. Биылғы жылы 8733 іс-шара өтіп, 400 мыңнан астам адамға 2,5 миллиард теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Науқанның қорытындысы дәстүрлі түрде ізгі жандар, меценаттар мен донорлар форумында өткізіледі де, оларға «Жомарт жан» төсбелгісі тапсырылады.
«Кең болсаң, кем болмайсың» дейді Ұлы даланың халық даналығында. Онда қазақ халқының кең пейілі мен «Ұлы дала» өзара көмек көрсету, ортақтастық пен жақындарына қамқорлықпен қарау құндылығына тән қасиеттер бар. Ұлы даланың «Шашу», «Асар», «Сыбаға», «Жылу» сияқты дәстүрлерін ескере отырып, 2019 жылға арналған ҚХА қайырымдылық күнтізбесінің негізіне алынды», – деді Ассамблея Төрағасының орынбасары.
Нұргүл ШАТЕКОВА
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз
Дата события ассамблеи: 26.11.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
вчера, 11:50