13 Ақпан, 2017
1140
Қайырымдылықты ұйымдастыру: жаңа қағидалар мен амалдар
Петропавл қаласының М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қайырымдылықты ұйымдастыру: жаңа қағидалар мен амалдар» өңірлік ғылыми-әдістемелік семинары өтті.
Іс-шараға облысытық хатшылық меңгерушісі Наиль Смаилов, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктері, университет кафедраларының оқытушылары, мемлекеттік ведомстволар, қоғамдық бірлестіктер, білім беру мекемелері, қайырымдылық қорлардың өкілдері мен жастар қатысты.
Семинар модераторы Людмила Гривенная болды.
Қайырымдылық - бұл мұқтаж жандарға нақты мақсатсыз іске асырылатын және қайтарымды күтпейтін өтеусіз көмек. Бүгінгі таңда бұл бағытта біршама мәселелер мен қиындықтар қатары орын алған, сондықтан игі іс жасау мүмкін болмай қалатын жағдайлар болып жатады. Іс-шара барысында СҚО ҚХА этномәдени орталықтарының көрсететін көмегі және олардың идеяларын жүзеге асыруға не кедергі болатындығы жайында «Коперник» облыстық мәдени орталығы төрағасының орынбасары Валентина Корнева және «Түрік мәдениеті» ҚБ төрағасының орынбасары Диляра Габидулловна айтты.
Маңызды ақпаратпен СҚО әкімінің мүгедектер мәселелері жөніндегі кеңесшісі Светлана Бусыгина бөлісті. Ол қайырымдылық жұмысының бағыттары мен нысандары, заңнамалық база туралы айтып өтті.
Талқылау барысындағы өзекті тақырып мүгедек балалармен, қарт адамдармен жұмыс істеу ерекшелігі және оларға көмек көрсету болды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылықты үйлестіруші болып табылады және былтырғы жылы СҚО ҚХА, «Қоғамдық келісім» КММ жыл ішінде ауыр науқасты балалардың еміне 8 млн теңге жинап, 12 отбасыға жәдем берді. Өз сөзінде қоғамдық-көпшілік іс-шараларды және ҚХА құрылымдарымен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Күнсұлу Илькенова Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысын қорытындылап, қайырымдылық қызметке бағытталған «Қоғамдық бастама» конкурсына қатысуды ұсынды.
Отырыс қорытындысы бойынша ұсыныстар оқылды, қатысушылар алдағы ынтымақтастық жөнінде сөз байласты.
Ұқсас жаңалықтар
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады