08 Желтоқсан, 2017
1060
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫ МЕН ДОНОРЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
2017 жылғы 8 желтоқсан күні Қазақстан халқы Ассамблеясы Astana Music Hall кешенінде Қайырымдылық ұйымдары өкілдері мен донорлардың республикалық форумын өткізді.
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Д.Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.Божко, ҚР Кәсіпордақтар федерациясының төрағасы Б.Әбдірайым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, әлеуметтік бағыттағы орталық мемлекеттік органдардың басшылары, ҚХА мүшелері, өңірлік делегациялар - қайырымгерлер, меценаттар, демеушілер, қайырымдылық ұйымдары мен қорлардың, этномәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ҚХА-ның қайырымдылық жобаларының қатысушылары, БАҚ қатысаты.
«Мен Қазақстандағы барлық қайырымгерлердің атын атағым келеді. Бірақ бұл мүмкін емес. Себебі олардың саны көп, жылдан-жылға ұлғайып келеді. Біз бүгін ең үздіктерін жинап отырмыз. Барлық қайырымды жандарға алғыс айтқым келеді. Біздің қайырымгерлер өздері жасап жатқан игі істерін жариялағанды жақсы көрмейді. Олар 950-ден астам адам қатысқан бір жарым мың іс-шара өткізді. Қайырымдылық арқылы біз барша адамды біріктіре аламыз», - деді өз сөзінде Дархан Мыңбай.
Форумда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясының қорытындысы шығарылып, қайырымдылықты дамытудың және «Туған жер» бағдарламасын іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды.
Одан басқа, іс-шара аясында биылғы жылы Мемлекет басшысы азаматтардың меценаттық және қайырымгерлік қызметті дамытудағы еңбегін көпке таныту және ынталандыру үшін тағайындаған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісі тұңғыш рет салтанатты түрде тапсырылды.
***
ҚХА-ның XXII сессиясында Мемлекет басшысы мүдделі органдармен бірлесіп, елдегі барлық қайырымдылық акцияларын ҚХА қамқорлығы аясында жүргізу мәселесін пысықтауға тапсырма берді.
2015 жылғы 16 қарашада қабылданған «Қайырымдылық туралы» № 402-V ҚРЗ сәйкес, Ассамблея осы салада үйлестірушілік және өзге де қолдауды көрсете отырып, елде қайырымдылықтың дамуына жәрдемдесуі керек.
«Қайырымдылық керуені» акциясы – қоғамда мейірімділікті, гуманизм мен өзара риясыз көмек жасауды орнықтыру мен қазақстандықтардың өмір жағдайлары мен денсаулығына қамқорлықты күшейтуге бағытталған жоба. Ол Ассамблеяның әлеуметтік жобаларының қисынды жалғасы болып табылады.
Дата события ассамблеи: 11.12.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
15 Тамыз, 17:43
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
15 Тамыз, 18:34
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
20 Тамыз, 18:23