11 Қыркүйек, 2015
1571
Қазақ даласының ұлы тарихы
Қыркүйектің 11-інде Павлодар қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы дала елі» атты республикалық мәдени-тарихи экспедициясы басталды.
Қыркүйектің 11-інде Павлодар қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы дала елі» атты республикалық мәдени-тарихи экспедициясы басталды.
Іс-шара Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында ұйымдастырылған үлкен жиынмен басталды. Дөңгелек үстел отырысына өңір ғалымдары, жоғары оқу орындары мен мектеп ұстаздары, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері мен студент жастар атсалысты.
Облыстық ҚХА төрағасының орынбасары С.Қ. Жетпісбаев: «1465 жылы Керей мен Жәнібек Қазақ хандығының негізін қалаған болатын. Осы кезде қазіргі Қазақстанның негізі қаланды деп айтуға болады. Бүгін біздер ата бабаларымыздың ұлы бастамаларының жалғастырушылары болып келеміз», - дей келіп, Н.Ә. Назарбаевтың: «Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау біздер үшін, әсіресе жастар үшін өте пайдалы. Еліміздің тарихын терең зарттеп, халықтың білімін арттыру керек» - деген сөздерін жиналғандардың есіне салды.
Жиында Кереку өңірінің атақты ғалымдары Е.Қ.Жүсіпов, тарих ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров атындағы ПМУ доценті, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шөбересі «Қазақ билеушілері туралы фольклорлық мәліметтер»; С.З. Раздықов тарих ғылымдарының кандидаты, ИнЕУ доценті «Қазақ хандығының қазақ мемлекеттілігі тарихындағы рөлі»; Қ.Қ. Батталов, тарих ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров атындағы ПМУ доценті, «Қазақ хандығын зерттеудің өзекті проблемалары»; Т.Н. Смағұлов, ПМПИ археология орталығының директоры «Қазақ мемлекеттілігінің ескерткіштері» тақырыбында сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел отырысынан кейін «Қоғамдық келісім» мекемесінің алаңында «Ұлы дала елі» мәдени-тарихи экспедициясының басталуына орай митингі өтті. Митингтен кейін барлық қатысушылар қаладағы Баян батыр ескерткішіне бет алды. Мұнда экспедицияның символы болып саналатын күнделік Ақтоғай ауданына тапсырылды. Бұл күнделікке өңіріміздің тың тарихи мәліметтері жөніндегі деректер жазылатын болады.
Экспедиция құрамына ғалымдар, тарихшылар, археологтар енді. Экспедиция өз жолында Баянауыл ауданындағы Жасыбай батыр және Мұса Шорманұлы ескерткіштеріне, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы және Бұқар жырау кесенелеріне, Ақтоғай ауданындағы Абылай ханның ағасы Сұлтанбеттің тұрағына, Ертіс ауданындағы Абылай ханның тұрағы Ақкөл-Жайылма өңіріндегі қазақ батырларының шайқасқан жерлеріне, Екібастұз ауданындағы Бөгенбай және Қабанбай төбелеріне, Май ауданындағы Ақшиман ауылының маңындағы Олжабай, Едіге, Жалаңтөс сынды атақты батырларымыз шайқасқан «Қалмақ қырылған» жерлерін аралайды.
Павлодар облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
медиа қамтамассыз ету бөлімі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті