
20 Ақпан, 2017
1038
Қазақ халқына мың алғыс!
«Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында балкар мен қарашай халықтарының депортациясына арналған «Қазақ халқына мың алғыс!» атты іс-шара өтті.
Іс-шара ұйымдастырушылары «Эльбрус» қабарда-балқыр және қарашей-черкес ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі.
Іс-шараға облыстық ЭМБ өкілдері, облыстық ҚХА және «Қоғамдық келісім» КММ, тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшылығы, Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқытушылары мен оқушылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шара басында жан түршігерлік оқиғаларды баяндайтын фильм көрсетілді. 1944 жылдың наурызында балкар халқы күштеп Орта Азия мен Қазақстанға жер аударылды. Мұрағат құжаттарына сәйкес, ІІҰК әскери сарбаздары шығысқа 37 мың 713 балкарлармен 14 эшелон жіберді, оның ішінде 52%-ы балалар және 30%-ы әйелдер. 1948 жылы жіберілгендердің 27,8%-ы қаза болды. Одан ертерек дәл осындай тағдырды Солтүстік Кавказ халқы, оның ішінде қарашейлер көрді. Барлығын теміржол стансасына жеткізді. 24 күн ішінде жолда жабдықталмаған вагондарда 562 адам қайтыс болды. Қазақ халқы жер аударылған адамдарға аяныш білдірді. Олармен баспанасымен бөлісіп, ұлы дала елінің ұлдары мен қыздары мейірімділік, жомарттық, жылулық және сүйіспеншілік сыйлап балкарлар мен қарашейлерге ауыр жылдарды бастан өткізуге көмектесті.
Іс-шара шеңберінде Павлодар облысы ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісіСейсембай Қалижанұлы Жетпісбаев, облыстық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Идиат Бекболатұлы Әбдіқалықов сөз сөйледі. Олар «Эльбрус» қоғамдық бірлестігінің басшылығына және қатысушыларына мәдениетті, тілді, рухани құндылықтарды жаңғырту бойынша белсенді жұмыстары, сондай-ақ достықты, бейбітшілікті, этносаралық келісімді нығайтудағы үлестері үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, іс-шара шеңберінде татар-башқұрт ЭМБ және облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Минир Хамитович Галеев, «Ватан» әзербайжандар ЭМБ төрағасы Джафар Джафарович Махмудов, «Полония» облыстық поляктар қоғамының төрағасы Виталий Зифридович Свинцицкий және тағыда көптеген адамдар сөз сөйледі. Олардың тағдырлары, ата-аналары мен туғандарының тағдарлыра депортациямен тығыз байланысты. Қабарда-балқар және қарашей-черкес ЭМБ төрайымы Мария Алботовна Байрамкулова жиналған қауымға оның отбасының депортацияны қалай бастан өткізгенін айтты. «Сол күн, бүкіл халыққа қатты соққы болған күн, мәңгілікке біздің есімізде қалады. Тірі қалған адамдар – қазақ халқының арқасында ғана аман қалды. Әлі есемде, анам маған әрқашан айтушы еді «бизни қазақлыла сау қойғандыла», аударғанда «бізді қазақ халқы құтқарды». Осы сөзді ешқашан ұмытпаймыз, мыңдаған адам ұмытпайды».
«Біз қазақ халқының өзінің соңғысымен бөліскен, рақымшылығы мен көмегін ұмытпауымыз керек, - деді Мария Алботовна Байрамкулова, - бұл Ұлы халық! Ол жер аударылған халықтың құрметі мен мәңгілік алғысына ие. Қазақ халқына мың алғыс!» - деп қосты ол. «Барлығымыз осы жерден бізге өз арманымызды жүзеге асыруға мүмкіншілік берген, нағыз Отанымызда таптық. Әрбір қазақта мейірімділік генетикалық тұрғыда дарыған. Олар бізге алдымен тірі қалуға, сосын біздің қонақжай және қайырымды Қазақстанда жайлы және тыныш өмір сүруге ерік берді. Жүздеген мың әртүрлі этнос адамдарын туысқан ретінде қарсы алған және қамқорлығы мен қонақжайлығын көрсете білді».
Қанша уақыт өтсе де 1944 жылдың оқиғалары балкарлар мен қарашайлардың жүргінде мәңгі қалады. Бүгінде Павлодар облысында балкарлар мен қарашайлардың төртінші ұрпағы тұрып жатыр. Олар барлық салаларда: экономика, өнеркәсіп, бизнес, медицина, білім және мемлекеттік органдарда жұмыс істейді. Өз мәдениетін, ана тілін, салт-дәстүрін дамытып,қазақ халқына деген ризашылықтарын өнерлері арқылы жеткізеді . Өздерінің тарихи Отандарына қайтып оралған адамдар Қазақстан даласын, халқының қонақжайлығын, ақкөңілдігін жылулықпен және сүйіспеншілікпен еске алады.
Іс-шара барысында «Эльбрус» қоғамдық бірлестігінің шығармашылық ұжымдары өз концерттік бағдарламасын ұсынды. Сахна төрінде Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің «Теберда» вокалдық тобы, «Къарач» және «Чипчик» хореографиялық ансамбльдері, «Алан» және «Минги Тау» хореографиялық ансамбльдері өнерлерін көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы