15 Қыркүйек, 2015
936
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» республикалық тарихи-мәдени экпедициясы бүгін Атырауда
Астана қаласында 2015 жылы 11 қыркүйекте бастау алған Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» тарихи-мәдени экспедициясы 15 қыркүйек күні Маңғыстаудан Атырау облысына келіп жетті. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Маңғыстау облысынан келген экспедиция мүшелері кітап-күнделікті атыраулықтарға тапсыру рәсімін өткізді.

Университтің мәжіліс залында өткен «Менің елім – Мәңгілік ел» атты дөңгелек үстел барысында Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы Мұқан Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы 9 қазанда Тараз қаласында қорытындыланатынын айтты. Қазақ хандығының қалыптасу, даму ерекшеліктерін зерттеген жазбалары бар кітап-күнделік шежірелі тарихқа толы деуге болады.
Дөңгелек үстелге университет тарихшылары, зиялы қауым, қоғамдық бірлестік, этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысты. Солардың бірі - Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Кенжеғали Абат Кенжеғалиұлы өз сөзінде қазақ елінің тарихын халыққа таныту, насихаттауда «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы атқарған жұмыстың маңызы зор деп атап көрсетті.
Дөңгелек үстел аяқталған соң, жиналған қауым облыстық тарихи – өлкетану музейінде және Ш. Сариев атындағы қолданбалы көркемсурет өнер музейлеріне экскурсия жасады. Астанадан бастау алған республикалық тарихи – мәдени экспедицияның символы – кітап-күнделік беттері аудандарда толтырылатын болады.
Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
28 Тамыз, 19:29