23 Қыркүйек, 2015
2154
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы дала елі» республикалық тарихи-мәдени экспедицияны Тәуке ханның «өзі» қарсы алды.
Амангелді ауданында экспедицияға қатысышылар үшін нағыз театр қойылымы көрсетілді. Тігілген шатырдың төріндегі тақта, сарбаздардың қоршауында Қазақ хандығының даңқты қайраткері, «Жеті жарғының» авторы «Тәуке хан» отырды. Ол қонақтарға Торғай өңірінде жемісті зерттеу жұмысын жүргізулерін тілеп, ақ батасын берді. Қымыз бен шұбаттан ауыз тиген экспедиция Шақшақ Жәнібек пен Әліби Жангелдиннің, Ахмет Байтұрсынов пен Мыржақып Дулатовтың атажұрты – Жангелдин ауданының орталығы Торғай селосына аттанды.

Анықтама. Жангелдин ауданы 1928 жылы құрылған, Ақтөбе және Қарағанды облыстарымен шектеседі. Бұл жерде Әліби Жангелдиннің революциялық қызметіне, Амангелді Имановтың қолбасшылығымен жұргізілген 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысты тарихи жерлер өте көп. Ағартушы әрі жазушы Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы алғашқы қазақ-орыс мектебін ашқан. Өткен жылы Қостанай облысында бұл оқиғаның 150 жылдығы кеңінен атап өтіліп, көптеген дөңгелек үстелдер, ғылыми конференциялар өткізілді. Осындай іс-шаралардың бірінде Ыбырайдың сол бастауыш мектебінің құқықтық мұрагері, Торғай поселкесіндегі қазақ орта мектебінің директорына құны 2 млн теңге тұратын телескоп сыйға тартылды. Ауыл балаларына мұндай сыйлық жасаған «Алтынсарин» ЖШС директор Борис Князев. Экспедицияға қатысушылар Қостанай облысындағы жалғыз мектеп обсерваториясына барып, аспан денелерін тамашалады.
- Ыбырай Алтынсарин атындағы біздің мектепте 540 бала оқиды, - деді Торғай кентіндегі мектеп директоры Қонысбай Ражанов. – Аудан орталығында қазақ және орыс тілдерінде оқытатын, Шоқана Уалиханов және Николай Гаврилович Иванов атындағы екі мектеп бар. Иванов Алтынсариннің мүдделес серігі әрі ізбасары.
Экспедиция мүшелерінің жергілікті халықпен кездесуі өте мазмұнды болды. Оны тарих ғылымдарының докторы, экспедиция жетекшісі Нұрбек Шаяхметов жүргізіп отырды. Торғайлықтардың атынан зейнеткер, аты аңызға айналған тархан, Шақшақ Жәнібектің ұрпағы Рахым Рыскелдин сөз сөйледі.
Торғай жері Қазақстан тарихына ықпал еткен көптеген оқиғалар өткен жер. Тап осы жерде 1693 жылы, Арғын руынан шыққан көрнекті тұлға, үш жүз құрылтайына қатысып, Бөгенбай батыр, Қабанбай батырмен бірге жоңғар шапқыншылығына қарсы көтерілуге үндеген Шақшақ Жәнібек туған. 1729 жылы ол жоңғарларды тықсыра қуып тастаған атақты Аңырақай шайқасына қатысқан. Шақшақ Жәнібек Абылай ханды тұтқыннан босатуға бар күш жігерін, ақылы мен даналығын жұмсаған деп санайды Рахым Рыскелдин. Шақшақ Жәнібек Түркістанда Қожа Ахмеда Яссауи кесенесінде жерленген. Батырларын торғайлықтар ұмытқан емес, бірақ оның есімі Бөгенбай батыр, Қабанбай батырлармен бірге бүкіл Қазақстанға тарап, халықтың құрметіне бөленуі керек деді экспедиция мүшелерімен кездесуде жергілікті ақсақалдар.
Торғайда Шақшақ Жәнібек туралы бірегей құжаттар жиналған, ал мемориалдық музейде тіпті тархан ұстаған тудың бөлшегі сақталған, - дейді Рахым Рыскелдин. – Біз Отанын қорғаған осындай бабаларымызды мақтан етуіміз керек, өскелең ұрпақ Торғай сияқты тарихи жерлерге жиі саяхаттауы керек. Тарихи мұралар осылайша кең таратылып, насихатталғаны дұрыс!
Экспедиция мүшелері мемориальдық музейде Аңырақай шайқасына арналған дыбысталған диораманы көріп, сүйсінді.
- Музей 1993 жылы Мемлекет басшысының жарлығымен ашылған, - дейді Торғай музейлер кешенінің директоры Гүлбану Сәрсекей. – Бұл оқиға біздің атақты жерлесіміз Шақшақ Жәнібектің 300 жылдығына арналған болатын. Жиынға белгілі қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов келді. Торғай музейлер кешеніне Шақшақ Жәнібектің мемориальдық музейі, Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың әдеби музейі, Ыбырай Алтынсарин музейі және азамат соғысының батыры, революционер Әлиби Жангелдинге арналған тарихи музей кіреді.
Музейлерді аралау баршаға естен кетпес әсерлер сыйлады, экскурсия мүшелері ризашылықтарын білдіріп, жангелділіктерге Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан кітаптар сыйлады.
Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келесім» баспасөз қызметі
Фото Никос МАРМАЛИДИ
Ұқсас жаңалықтар
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті