11 Қыркүйек, 2015
1222
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған театрландырылған ғаламат көрсетілім
2015 жылғы 11 қыркүйекте астаналық «Барыс» мұз сарайында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған театрландырылған ғаламат көрсетілім қойылды.
2015 жылғы 11 қыркүйекте астаналық «Барыс» мұз сарайында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған театрландырылған ғаламат көрсетілім қойылды.
Іс-шараға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің V саммитіне қатысушылар – Әзербайжан Президенті И.Әлиев, Қырғыз Республикасының Президенті А.Атамбаев, Түркияның Ұлттық ұлы жиналысының спикері И.Йылмаз, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Р.Гасанов қатысты.
Театрландырылған көрсетілім барысында Ұлы Даланың сақтар, ғұндар, сарматтар дәуірінен бастап тәуелсіз Қазақсанның жаңа тарихымен аяқталған 3000 жылдық шежіресін қамтыған қойылым көрсетілді. Концерт идеясына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабы алынды. Тұтастай алғанда перфоманс ел тарихының маңызды белестерін көрсететін жеті тараудан тұрды.
Іс-шара қонақтары Қазақ хандығының тарихымен, әлемдік дамудағы оның тарихи рөлімен танысуға мүмкіндік алды. Мерейтойлық датаны атап өтудің басты мақсаттарының бірі - ел тұрғындарының мәдени-рухани деңгейін көтеру, патриотизмді және ел бірлігін нығайту болып табылады.
Сондай-ақ іс-шара шеңберінде этномәдени бірлестіктердің халықтық қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Оны ұйымдастырушы ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ болып табылады.
Түрлі кәсіпшілік иелері ағаштан, теріден, киізден және күмістен жасаған бұйымдар мен ұлттық стильде дайындалған кәдесыйлар мен сыйлықтар үстелдердің үстінде жайғастырылып, керегелерде ілулі тұрды. Қолданбалы өнер шеберлері еліміздің түрлі өңірлерінен келген және түрлі бағыттағы мектептердің өкілдері.
Көрмеде ҚХА бастамашылық жасаған «ҚХА – 20 изі іс!» республикалық акциясының символы ерекше сыйлы орын алды. Игі істер сипатталып жазылған жазбаларға толы «Тайқазан» арнайы тұғырда орналастырылды.
Тұтастай алғанда «Мәңгілік Ел» тақырыбында өткен іс-шара ұлттық өнердің түрлі жанрын: әндер мен күйлерден, аңыздардан бастап, хореографияның, хормен ән айтудың және халықтық қолданбалы өнердің алуан бағытын қамтыды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29